2604 тг

5.0
Рейтинг:
Оценили: 0

Ағылшынша-қазақша сөздік

“Ағылшынша-қазақша сөздік” қазақ мектебінің оқушылары мен мұғалімдеріне, жоғары оқу орны студенттеріне және ағылшын тілін өз бетімен үйренушілерге ұсынылып отыр. Сөздіктің құрамында 20000-дай сөз қамтылған. Сөздікке ағылшын тілінде жиі кездесетін негізгі сөздер беріліп, бұл сөздердің айтылуы ғана емес, әр сөздің тұсына транскрипциясы – фонетикалық таңбасы ұсынылды. Сөздікте алғашқы фонетикалық белгілер, ағылшын алфавиті, әр бетте кездесетін сөздердің қысқартылған түрлері, ал сөздіктің соңына бұрыс етістіктердің үш түрі берілді. Сөздіктегі сөздер алфавит тәртібімен орналастырылды. Омонимдер, яғни мағынасы әртүрлі бір тұлғадағы сөздер жеке-жеке беріліп, сөздің алдында араб цифрымен (1, 2, 3), ал сөз таптары рим цифрымен (I, II, III) белгіленді.


ISBN 978-601-07-0602-6
Шыққан жылы  2015
Пішімі 84x108 1/32 
Көлемі 400 бет
Түсі ақ-қара