3360 тг

5.0
Рейтинг: 5
Оценили: 1

«Адам болашақты неғұрлым көп ойласа, өткенді соғұрлым көбірек білгісі келеді». Қазақтың мәшһүр жазушысы Ілияс Есенберлиннің осы сөзі бүгінде айрықша мәнді, өйткені бүгінде Қазақ мемлекетінің болашағы құрылуда. Ал бұл болашақ оның іргетасының мызғымастай берік болып орнатылуына байланысты.
«Жетінші сөз» сериясының кітаптары осы болашақтың қамын оцлайтындарға арналады. Ғылым докторы, Санкт-Петербург университетінің профессоры Т.И.Сұлтановтың «Алтын Орда. Еуразия даласындағы Шыңғыс хан ұрпақтарының мемлекеті» атты кітабы да соларға арналған.
Дәуірлеп тұрған заманында Алтын Орда қуат-күші асқан ірі мемлекет болды. Шыңғыс ханның немересі Бату «әлемді аузына қаратқан» атасының көксегенінің көбін жүзеге асырды. Жолындағының бәрін жайпай жапырған ол половецтер даласын құйындатып өтті, орыстың ірі-ірі княздіктерін талқандады. Польшаны, Венгрияны, Чехияны және басқа да елдерді бағындырды.
Алтын Орданың тарихы – соғыстар мен ішкі талас-тартыстар тарихы, тақ үшін қантөгіс қырқыстар тарихы. Мемлекеттің түбіне жектен де осы болды, ол ыдырап, аумағында жаңа хандықтар құрылды, соның бірі Қазақ хандығы болды.
«Алтын Орда» – автордың Қазақ мемлекетінің тарихы мен алғы тарихы жөнінде «Мектеп» баспасына арнап дайындаған төрт кітабының соңғысы. Мұның алдындағы жарыққа шыққандары: «Шыңғыс хан және оның ұрпақтары», «Темір және оның империясы»; «Қазақ мемлекеттігінің құрылуы. Қазақ хандығының тарихы».
Оқырман ортағасырлық түркі және парсы қолжазбаларын талай жыл сарыла зерттеген аса көрнекті шығыстанушы тарихшы Тұрсын Икрамұлы Сұлтановтың еңбегін лайықты бағалар деген сенімдеміз. Ғалымның осы төрт кітабындағы өзінің «машақаты көп болғанымен, өте қызғылықты әрі тартымды» болған жұмыс процесімен таныстырған қысқа-қысқа шегіністері де оқырман зейінін аударары анық. Сондықтан да осы кітаптар оқырманның өз түп-тұқиянын танып-білуіне ғана емес, болашақ кәсібін таңдауына да көмектесер болса, автор да, баспа да өз міндетінің орындалғаны деп біледі.          

 

ISBN

978-601-07-0794-8

Шыққан жылы 

2004

Пішімі

84x108 1/16

Көлемі

176 бет

Түсі

түрлі-түсті