650 тг

5.0
Рейтинг: 5
Оценили: 6

Міржақып Дулатұлының «Бақытсыз Жамал» романы (уақыты: 1 сағ. 48 мин.) — «Қазақ әдебиетің бағдарламасы бойынша шығарылатын «Аудиокітаптар» сериясының алғашқысы.

 «Бақытсыз Жамал» — қазақ тілінде жазылған бірінші роман. Негізгі тақырыбы—ұлттық бостандықтың бір тармағы — әйелдер теңдігі. Романның мақсаты — «халықты түзетпек» екенін автор айта келіп, қалыңмал мен әмеңгерлік құрбаны болған қазақ әйелдерінің аянышты халіне өз қарсылығын білдіріп, шығарманың соларға пайдасы тиер деген үміті бар екенін жасырмайды. Романда қазақ қызының тағдыры мейлінше реалистік тұрғыда, баршаға таныс ауыл адамдары өмірі аясында суреттеледі. «Бақытсыз Жамал» кезінде қазақ арасында кеңінен тарап, жұртшылық тарапынан жоғары бағасын алған.

Осы роман жарық көргеннен кейін «Бақытсыз Жамалға» еліктеп талай романдар жазылды. Кезінде авторымен бірге жазаланып, әдеби айналымнан шығып қалған «Бақытсыз Жамал» еліміз тәуелсіздік алып, идеалогиялық үстемдік жойылғаннан кейін, М.Дулатұлының  шығармашылық мұрасы ретінде әдебиет тарихы қатарына қайта қосылды.

Аудиокітапта романда кездесетін араб, парсы сөздеріне түсіндірме сөздік қоса беріліп отыр. Роман мектеп оқушылары мен жалпы тыңдарман қауымға арналған.