3052 тг

5.0
Рейтинг: 5
Оценили: 1

«Жетiншi сөз» сериясында белгiлi шығыстанушы тарихшы, Санкт-Петербург мемлекеттiк университетiнiң профессоры Т.И. Сұлтановтың төрт кiтабы шығады. Бұл кiтаптар Қазақ мемлекетiнiң алғы тарихы мен тарихына арналған: «Шыңғыс хан және оның ұрпақтары», «Алтын Орда», «Темiр және оның империясы», «Қазақ мемлекеттiгiнiң құрылуы. Қазақ хандығының тарихы».
Автор көп жыл ортағасырлық түркi және парсы деректемелерiн зерттеумен шұғылданып, аталған кiтаптар осы деректемелерге негiзделiп жазылған.
Бiрiншi кiтап — «теңiзден теңiзге дейiн» бүкiл дүние жүзiн бағындыруды көксеген, аса қуатты көшпелi империя құрған Шыңғыс ханның тарихы. Осы ұланғайыр империяда билiк ұйытқысы болған оның «алтын ұрығы» жүздеген жылдар бойына көптеген халықтардың, солардың iшiнде қазақ халқының да тағдырын билеп-төстеп тұрды. Деректемелерден келтiрiлген материалдар бұл күш-құдiреттiң өтемi қаншалық қымбат болғанын айқын көрсетедi.
«Жетiншi сөз» сериясының барлық кiтаптары, қолыңызға алған осы кiтап сияқты, мектеп оқушыларының, студенттердiң оқу бағдарламаларын игеруiне, қазақ халқының тарихы мен мәдениетiн жетiк бiлуiне көмектеседi.

ISBN

9965-36-269-6

Шыққан жылы 

2007

Пішімі

84x108 1/16

Көлемі

152 бет

Түсі

түрлі-түсті