3136 тг

5.0
Рейтинг: 5
Оценили: 1

«Жетінші сөз» сериясы белгілі шығыстанушы тарихшы, Санкт-Петербург университетінің профессоры Т.И.Сұлтановтың кітабын ұсынып отыр. Ғалым түркі және парсы деректемелерін талай жыл сарылып зерттеген. Автордың «Мектеп» баспасына арнап дайындаған Қазақ мемлекетінің тарихы мен алғы тарихы жайлы төрт кітабы осы деректемелер негізінде жазылған, бұл кітаптары: «Шыңғыс хан және оның ұрпақтары», «Алтын Орда. Еуразия даласындағы Шыңғыс әулеттері мемлекеті»,  «Темір және оның империясы», «Қазақ мемлекеттілігінің құрылуы. Қазақ хандығының тарихы».

Баспа бұл тақырыпты әншейін оқырманның ойынан шығайын деп қолға алып отырған жоқ. Осы серияның басқа кітаптарының шығарылуы да оқырманның білмекке құмарлығына орайласпақ ниеттен емес. Оқырманның өз халқының өткенін ыждағатпен зерделеуіне, көшпенді қазақтардың төлтума мәдениетін ұғынып бағалауына жағдайласу көзделеді.

Т.И.Сұлтанов қазақ халқының тәуелсіздікке жетудегі күрделі тарихи жолы туралы кітабын «Халықтың тарихи жады берік сақталмайынша ұлттың қалыптасуы және өсіп-өркендеуі мүмкін емес» деген сөздермен қорытындылайды.

«Жетінші сөз» сериясындағы әрбір басылым осы қорытындының діттелуі деуге болады.

ISBN

9965-36-661-6

Шыққан жылы 

2008

Пішімі

84x108 1/16

Көлемі

160 бет

Түсі

түрлі-түсті