2100 тг

5.0
Рейтинг:
Оценили: 0

Бұл монографияда Қазақстан жерін зерттеудің көпғасырлық тарихы мен ол туралы физикалық-географиялық ұғымдардың қалыптасу, даму кезеңдері баяндалады. Қазақстан табиғатының даму заңдылығы­ның негізгі ерекше­лігі— жер қойнауындағы қазба байлықтардың қалыптасуы жер қыртысының даму тарихымен тығыз байланысты. Бұл — ғаламшардың даму заңдылығымен біртұтас қаралатын мәселе. Сондықтан Қазақстан жеріндегі зерттеулердің деректеріне сүйене отырып, бүгінгі таңдағы табиғаттың болмысын анықтау (тау, өзен, көл, шөлдер, т.б.) қажет. Бұл заңдылықтарды талдап, түсіндіру үшін жер қыртысының негізін анықтайтын геология ғылымына сүйену керек.
Бұрын-соңды табиғаттың болмысы қазақ тілінде тұтас талданбаған. Сон­дықтан жаратылыстану ғылымдарының өзара байланысын негіздей отырып, жер қыртысының қалыптасу заңдылығы кешенді (жер бедері, климат, топырақ, өсімдіктер әлемі, жануарлар дүниесі, т.б.) түрде қарастырылады. Монография Қазақстанның табиғат жағдайының тарихы мен оны зерттеушілер туралы білгісі келетін оқырмандарға, география саласындағы білім алушылар мен оқытушыларға, жалпы білім беретін мекемелердің ұстаздары мен оқушыларға, сондай-ақ барша оқырман қауымға арналған.

ISBN

978-601-293-977-4

Шыққан жылы 

2014

Пішімі

70x100 1/16

Көлемі

472 бет

Түсі

ақ-қара