2996 тг

5.0
Рейтинг:
Оценили: 0

Сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырған бұл кітап – Қазақстанның ежелгі қалаларының бірі, атақты Таразға арналған фотоальбом. Ұлы Жібек жолының тіршілігі қайнаған бір торабында тұрған бұл шаһар бірнеше мәрте күл-талқаны шығып қираған болатын. Тараздың көпке куә болған қорған, қабырғалары сан рет өрт жалынына оранды, баспанасынан айырылып, ошағының оты сөнген халқының көз жасы көл болды, қаланы қорғағандардың талайы мерт болып, талайы қансырады. Жеңіске жетіп, масайрағандардың да нешемесін көрген бұл көне шаһар.
Әйтсе де уақыт өз кезегімен өте берді. Қаланы билеушілер де бірінен соң бірі өзгеріп, бір ұрпақты бір ұрпақ алмастырды, өзгермеген, сол қалпында қалған тек қана қаланың қыз-қыз қайнаған тіршілігі мен халқының күнделікті өмірі еді – шаһардың төрінде шығыс базары гуілдеп, әркім өз қамын жасап жатты.
Бұл альбомнан Сіздер көне дәуірдің қымбат қазыналарымен ғана емес, Қазақстан археологтері бізге жеткізген ежелгі Тараз бен оның маңындағы қалаларда өмір сүрген біздің сонау заманалардағы ата-бабаларымыздың тұрмыс-тіршілігінде қолданған заттармен, бұйымдармен де танысасыздар.

Перед вами красочный фотоальбом, посвященный одному из древнейших городов Казахстана – легендарному Таразу. Находясь на одном из самых оживленных участков Великого Шелкового пути, этот город неоднократно разрушался до основания, подвергался грабежам и насилию различных завоевателей. Сотни раз древние стены Тараза видели пламя костров и пожарищ, слезы обездоленных жителей города, слышали стоны раненых и ликующие крики победителей. Но Время шло. Менялись власти в городе, поколение сменяло поколение, и только неизменной оставалась сама жизнь – с шумным и ярким восточным базаром, с повседневными заботами и хлопотами.
На страницах этого альбома вы увидите не только драгоценности давней эпохи, но и познакомитесь с предметами жизни и быта наших далеких предков из древнего Тараза и близлежащих городов, найденных и бережно сохраненных руками казахстанских археологов.

Here you can see a colorful photo album devoted to one of the oldest towns of Kazakhstan, the legendary town of Taraz. Being situated in one of the busiest parts of the Great Silk Road this town was razed to the ground more than once, was subjected to plunder and violence by invaders. Hundreds of times the ancient walls of Taraz saw the flames of fires, the tears of town people deprived of shelter, heard the groans of the wounded and cheerful cries of the conquerors.
Time went on. One generation gave way to another, the rulers of the town changed, but life was still continued with its noisy colorful eastern bazaars, with its everyday troubles and cares.
You will find on the pages of the album not only old time objects of great value, you will get acquainted with things of daily of our distant ancestors from ancient Taraz and nearby towns that were found and carefully kept by hands of Kazakhstan archaeologists. 

ISBN

9965-36-495-8

Год выпуска

2008

Объем

84x108 1/16 

Объем

184 стр.

Красочность

полноцветная