Оценили: 1
Қазақ лиро-эпосының інжу-маржаны «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры – ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мұраның бірі. Мың жарым жылдық тарихы бар, түркі халықтарына кеңінен тараған бұл жырдың отыздан астам нұсқасы кездеседі.
«Жетінші сөз» сериясымен жарық көрген бұл басылымда жырдың Мәшһүр Жүсіп Көпеев хатқа түсірген нұсқасы беріліп отыр. Кезінде жазушы Мұхтар Әуезов мұны: «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» жырларының ішіндегі айрықша назар салатын бір тәуір нұсқасы осы», – деп бағалаған болатын.
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» жыры қазақ әдебиеттану ғылымында көптеген зерттеулерге арқау болды. Кітапта белгілі ғалым Ы.Дүйсенбаевтың жырдың барлық нұсқаларына тоқталып, олардың көркемдік құндылығы мен ерекшеліктерін саралаған мақаласы ұсынылып отыр.
ISBN |
9965-33-372-6 |
Шыққан жылы |
2006 |
Пішімі |
84x108 1/16 |
Көлемі |
168 бет |
Түсі |
түрлі-түсті |