Оценили: 0
Кітап 1967 жылы алғаш рет қазақ тілінде жарық көрген. Бұл – кітаптың екінші басылымы. Ол екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімге 3–5 жасар, екінші бөлімге 5–7 жасар балаларға лайықталған ойындар енгізілген. Әр бөлімде әуелі ән үйрететін, сонан кейін музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен орындалатын ойындар бар. Билердің нотасы да берілген.
Кітаптың негізгі мақсаты – мектеп жасына дейінгі балдырғандардың ән мен музыкаға деген қабілетін дамытып, сүйіспеншілігін арттыру, бос уақыттарын қызықты, көңілді өткізулеріне көмектесу, тапқырлыққа, ұйымшылдыққа, достық, жолдастық қасиеттерге баулу, сәбилердің музыканы түсінуіне, есте сақтай білуіне, музыкалық ырғақтарға қосылып қимыл-әрекеттер, жаттығулар жасай алуына көмектесу, ырғақтар мен екпіндердің өзіндік ерекшелігін сезініп, бірінен-бірін оңай айыратындай болуына жәрдемдесу.
Кітап мектеп жасына дейінгі балаларға арналған, сондай-ақ балабақша пайдалануына да болады.
ISBN |
979-0-803852-42-5 |
Шыққан жылы |
2014 |
Пішімі |
60x84 1/8 |
Көлемі |
72 бет |
Түсі |
ақ-қара |