650

«Шолпанның күнәсі» (уақыты: 1 сағ. 48 мин.) — Мағжан Жұмабаевтың терең психологиялық шығармасы. Шығарма сюжеті ерлі-зайыптылардың жан күйзелісі арқылы өрбіп, әңгіме соңы кейіпкерлердің психологиялық тоқырауымен аяқталады. Шығарманың мақсаты — қазақ тұрмысындағы ескі салт-сананың артық-кем тұстарын көрсету.

Аудиокітаптағы екінші шығарма — Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы (уақыты: 1 сағ. 48 мин.). Поэманың сюжеті екі арнада дамиды. Бірі — Абылай хан және оның белгілі батырларының қалмақ шапқыншылығына қарсы күресі. Екіншісі — Батыр Баянның тұтқынға түскен қалмақ қызына ғашық болуы. Поэма сюжеті қалмақ қызы мен ер Ноян арасындағы махаббат арқылы өрбиді. Оқиғаның шарықтау шегі — батырдың  қалмақ қызы мен інісі Ноянды өлтіруі. Поэмадағы басты идея — батырдың Отанға, елге деген сүйіспеншілігі.  

«Батыр Баян» — қазақ әдебиетіндегі тұңғыш психологиялық поэма.