Оценили: 0
«Темір және оның империясы» – Санкт-Петербург университетінің профессоры, аса көрнекті шығыстанушы-тарихшы Т.И.Сұлтановтың «Мектеп» баспасы үшін дайындаған төрт кітабының келесі бір кітабы. Мұның екеуі «Шыңғыс хан және оның ұрпақтары», «Қазақ мемлекетінің құрылуы. Қазақ хандығының тарихы» бұған дейін жарияланды. Таяудағы уақытта «Алтын Орда. Еуразия даласындағы Шыңғыс хан әулеті мемлекеті» жарық көреді.
Тартымды да қызғылықты жазылған бұл кітаптың бететрінде тарихтағы ең күрделі әрі қарама-қайшылықты тұлғалардың бірі сипатталады. Дүниежүзілік империя құрмақ болған Әмір Темір ірі-ірі жаулап алушылық соғыстар жүргізді, күйретіп талап-тонаған шапқыншылықтар жасады. Қан жоса қырғын, адам бастарынан үйілген пирамидалар – Темірдің ісі. Ахмет Йасауидің зиратының басындағы кесене – ортағасырлық Шығыстың сәулет өнерінің жауһары, Мәуереннахрдың таңғажайып бақтар қоршаған сәулетті қалалары – бұл да Темірдің ісі. «Егер Темір басқаша адам болса, – деп жазады кітап авторы, – біз Түркістанның, жалпы алғанда, Азияның да тарихы басқаша болғанын көрер едік».
Ғасырлар қойнауындағы кездесу, халқымыздың жүріп өткен жолынан ажыратуға келмейтін өткен заманмен тағы бір кездесу жүзеге асты. Білмекке құмар оқырманға ол қызғылықты да пайдалы болды деген үміттеміз. «Жетінші сөз» кітаптары сериясын шығарушылардың алға қойған мақсаты да осы.
ISBN |
978-601-07-0661-3 |
Шыққан жылы |
2015 |
Пішімі |
84x108 1/16 |
Көлемі |
152 бет |
Түсі |
түрлі-түсті |