3500 тг

5.0
Рейтинг:
Оценили: 0

  Кітап қазақ зиялыларының аса көрнектi өкiлдерiнiң бiрi, “Алаш” партиясының мүшесi Мiржақып Дулатұлына арналған.  2010 жылы алаш ардақтысының туғанына 125 жыл, ал “Оян, қазақ!” кітабының жарық көргеніне 100 жыл толды. Қазақ халқының ұйқыдағы санасын оятып, ұлттық рухын  көтеруде бұл кітаптың орны ерекше болғаны белгілі. Оқырман назарына  ұсынылып отырған еңбекте қазақ халқының қоғамдық  және мәдени өрісінің кең аясында ағартушы-патриот  өмірінің алғашқы кезеңі туралы әңгімеленіп, оның дүниетанымының қалыптасу үрдісі ашылады.
Ұлттың күрескер ұланымен өз кезінде қоян-қолтық араласып, жақын жүрген пікірлес, ниеттес адамдарға  да жинақта ерекше орын берілген. Мұрағат материалдары, сирек басылымдар және ХХ ғасырдың  басындағы мерзімдік жарияланым қайнар көз ретінде алынып, жаңаша зерттеулер жасалады. “Оян, қазақ!” кітабы жан-жақты талданып, тың деректер келтірілген.

ISBN

978–601–293–970–5

Шыққан жылы 

2013

Пішімі

60x90 1/16

Көлемі

416 бет

Түсі

ақ-қара