Page 3 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 3

АЛҒЫ  СӨЗ

            Қымбатты оқушылар!
            Биылғы оқу жылында Дүниежүзі тарихының Жаңа заман кезе-
        ңін  оқуды  бастайсыңдар.  Жаңа  тарихты  оқи  отырып,  аграрлық
        өрке ниеттің  біртіндеп  индустриалды  өркениетке  көшу  үрдісімен
        таны сасыңдар.
            Бұл кезеңде негізгі байлық зауыттар мен фабрикалар, шахталар
        мен  теміржолдар  болды.  Халық  ауылдан  қалаға  жаппай  қоныс
        ауда ра бастады. Олар Жаңа заманның әлеуметтік құрылымы болып
        табылатын өнеркәсіпте жұмыс жасайтын жұмысшылар мен кәсіпкер-
        лер, қызметшілер тобын қалыптастырды.
            Жаңа заманда, яғни ХVІІІ ғасырдың соңындағы Ұлы Француз
   Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
        төңке рі сінен кейін бостандық, теңдік пен бауырмалдық идеялары
        пайда болып, көне құрлық — Еуропада ескі тәртіптік жүйені күйрету
        зама ны басталды. Жаңа заманның алғашқы кезеңінде капиталистік
        қаты настардың  қалыптасуына  қолайлы  жағдайлар  туды.  Жеке-
        меншік құқығы бекітілді. Өнеркәсіптік төңке рістің алғышарттары
        пісіп жетілді.
            Ұлы географиялық ашылулар заманы еуропалықтардың отаршыл-
        дық  әрекеттеріне  жол  ашып  берді.  Саяси  басқыншылықтар  мен
        алыстағы елдерді экономикалық тонаушылық саясаты басталып,
        Шығыстағы  қоғамдық  құндылықтар  өзіндік  қасиетін  жоғалта
        бастады.
            Еуропалық  елдердегі  капиталистік  қатынастардың  дамуы на
        байланысты Шығыстың бай елдерін игеру мақсатында капитал әкелу
        үрдісі орныға бастады. Шығыс елдері үшін Жаңа заман отаршылдық
        кезеңі саналды. Алғашқыда сауда капиталы, содан кейін өнеркәсіп
        капиталы ретінде орныққан отаршылдық әрекеттер Шығыс елдерін
        капиталистік қатынастар үрдісіне тартты.
            Шығыс  елдеріндегі  Жаңа  заман  —  дәстүрлі  шығыстық  қоғам
        құндылықтарының күйреген, тәуелсіздіктен толық неме се жартылай
        айырылған және ұлт-азаттық қоз ға лыстардың дамыған заманы.
            ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басына қарай әлем елдерінде
        индустриалды  өркениет  қалыптасып,  орнықты.  Оқулықты  оқу
        барысында Жаңа заманның тарихи оқиғаларын саралап, оған өздерің
        де қорытынды жасай алатын боласыңдар.
            Іске сәт, достар!











                                                                                       3 3
   1   2   3   4   5   6   7   8