Page 5 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 5

қоғамның  дағдарысты  кезеңіне  тап  болды.  Дегенмен  адамзат
        тарихындағы  капиталистік  дәуір  деп  аталатын  кезеңді  Батыс
        елдерімен қатар Шығыс елдері де бастан өткерді. Батыс отарлаушы
        елдер, ал Шығыс отаршылдыққа түскен елдер ретінде капиталистік
        қатынастар аясында өмір сүруге мәжбүр болды.


           Аныӧта
           НелӠктен Жаӫа заманныӫ басталуы мен аяӧталуы Батыс елдерӠ мен Шыӣыс елдерӠнде
           әртӭрлӠ?
            Жаңа заманның алғашқы сатысында Еуропа елдерінің көпші-
        лігінде біртұтас орталық маңайына топтасқан ұлттық мемлекеттер
   Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
        қалыптасты. Мемлекетті басқарушы жоғарғы билік түрлері өзгерді.
            Осы кезеңде абсолюттік монархиялардың күшейген, гүлденген
        және күйреген үрдісін көруге болатын еді. Қоғамдық дамудың жаңа
        са тысы — капиталистiк қатынастар да алғаш рет Батыста пайда
        болып, дами бастады.
            Ал бұл заманның екінші кезеңінде барынша дамыған елдерде
        парламенттік демократия қалыптасты.

             Абсолютизм — шексӠз монархия, жоӣарӣы билӠк тек бӠр адамныӫ — монархтыӫ
          ӧолында шоӣырланатын басӧару тӭрӠ.
             Парламент — сайланатын еӫ жоӣары ӹкiлеттi заӫ шыӣарушы орган.


            Жаңа  дәуірде  халықаралық  қатынастардың  жалпыеуропалық,
        ал кейінірек бүкілдүниежүзілік жүйесі орныға бастады. Әлеумет-
        тік-экономикалық саладағы маңызды үрдіс капиталистік қатынас-
        тардың пайда болып дамуы еді. Қоғам өзінің өнеркәсіп төңкерісінен
        кейінгі индустриалды даму сатысына аяқ басты.
            Батыстық  қоғамда  адамзаттық  құндылықтың  ең  маңыздысы
        жекеменшiк құқығы, жеке адамның бостандығы болып саналды.


          Ойлан

                     Батыс елдерінде Жаңа заманға тән қандай өзгерістер жүрді?

            Шығыстың тарихи кеңiстiгi — Ежелгi Мысыр, Қосөзен, Ежелгi
        Үндiстан, Ежелгi Қытай сияқты ұлы өркениеттердiң мұрагерлерi
        мекендеген, Азия мен Африканың халқы өмiр сүрiп отырған әлемi.
            Ежелгi өркениеттер Нiл, Тигр, Евфрат, Ганг, Хуанхэ және Янцзы
        өзендерiнiң алаптарында пайда болып, дамыды. Адамзаттың ұлы

                                                                                       5
   1   2   3   4   5   6   7   8   9   10