Page 6 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 6
жетiстiктерi — жазу-сызу, өнер, жер суландыру ең алғаш Шы ғыста
пайда болды. Мемлекет тұңғыш рет Шығыста дүниеге келдi.
Батыс әлемi, негiзiнен, христиандық Еуропамен шектелсе, ал
Шығыс әлемi — ислам, буддизм, индуизм, конфуцийлiк, даосизм,
синтоизм және т.б. шығыстық дiндер әлемiн қамтыған орасан зор
аумақты алып жатты.
Осы кезеңде аграрлық өркениет бiртiндеп индустриялық өркениет-
ке ауыса бастады. Аграрлық өркениет мыңдаған жылдар бойы Жер
шарының әр түкпiрiнде — Еуропа мен Америкада, Африка мен
Азияда өркендеп, дамыды. Ал индустриялық өркениет алғаш рет
Еуропада дами бастады.
XVII—XVIII ғасырлар Батыс Еуропаның индустриялы дәуірге
Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
өтуіне дайындалған өтпелі кезең болды. Индустриялық өркениеттің
отаны деп XVIIІ ғасырдағы Англияны санайды.
XVIIІ ғасырдың екінші жартысында өнеркәсіп салаларында
алғашқы мәшинелер пайдаланыла бастады, алайда экономика,
тұтастай алғанда, индустрияланған жоқ. Өнертабыстардың рөлі
өсті, бірақ өндірісті тұрақты жетілдіру қағидасы әлі де жетекші
ұстанымға айнала алмады.
Еске тӭсӠр
Орта ӣасырлар тарихында аграрлыӧ ӧоӣамныӫ негӠзгӠ ерекшелӠктерӠ
ӧандай едӠ?
Жаңа дәуірде Батыста өнеркәсіп төңкерісінің нәти жесінде
капиталистiк қатынастар алғаш рет пайда болып, дами бастады.
Феодалдық қатынастар Шығыс елдерiнде ұзақ уақыт бойы ыдырамай,
берiк сақталып келдi. Оған себеп Батыс елдерiнiң Шығыс елдерiне
жасаған отаршылдық саясаты едi.
ХVII—ХVIII ғасырлардағы Қытай, Жапония, Үндiстан, Иран,
Осман империясы сияқты мемлекеттер қоғамдық-экономикалық
дамудың әртүрлi кезеңдерiнде тұрды. Дегенмен осы елдерде
феодалдық қоғам қойнауында капиталистiк қарым-қатынастардың
алғышарттары пiсiп жетiлдi, Шығыс өркениетiнде ғылыми идеялар
мен бағыттар қалыптасып, мәдениет дамыды. Отаршылдыққа қарсы
алғашқы бас көтерулер пайда бола бастады.
Ойлан
Неліктен Шығыс елдері жаңа заманда Батыстан артта қалып
қойды?
6