Page 11 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 11
шылары Äж. Ëильберн, У. Уолвин, Ð. Îвертон демократиялық
заңдарды әзірлеуді, парламенттiң халық алдында ғы жауапкершілігін,
парламентке бақылау орнатуды, лордтар пала тасын жоюды талап етті.
Левеллерлердің бағдарламасы «Мыңдаған қала тұрғындарының
ремонстрациясы» жарияланды.
1647 жылы ағылшын революциясы буржуазиялық-демократиялық
жаңа кезеңге өтті. Пар ламенттің корольмен келіссөздері бүкіл ел
бойынша демократиялық күштердің наразылығын туындатты.
Бұл қозғалыс индепенденттік генералитетті (әсіресе Кромвель
және Ферфаксты) парламенттегі пресвитериандық көпшілікпен
байланысын үзіп, әскермен бірігуге мәжбүр етті. Әскер батыл
әрекеттер жасады. Корольды Ньюпорттан Херст бекініс-түрмесіне
Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
ауыстырды. Полковник Прайд жасаған мемлекеттік төңкеріс әйгілі
«прайдтік тазарту» болды. Парламенттен корольмен ымыраға келгісі
келген депутаттар қуылды. Жоғарғы сот корольды соттау туралы
шешім қабылдады. 1649 жылы мамырда Англия республика деп
жарияланды.
Республика құрылғаннан кейін соғыс пен дағдарыстарға бай-
ланысты халықтың жағдайы нашарлады. «Шынайы левеллерлер»
немесе диггерлердің жаңа қозғалысы пайда болды. Халықтың кедей
бөлігі мүлік теңдігі, жерді қоғамдастыру, халықты қанауды тоқтату
сияқты талаптарды қойды. Диггерлер басшысы Äжерард Уинстэнли
болды.
Аныӧта
Левеллерлер және диггерлер немесе «шынайы левеллерлердӠӫ» талаптары
несӠмен ерекшелендӠ?
Нейзби шайқасы
11