Page 12 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 12
Революцияның демократиялық күштерінің
жеңілісі респуб лика дағы таптық күрес ауқымын
бәсеңдетті, оның бұқара халықтан ал шақ тануына
алып келді.
Ағылшын республикасының алдында инде-
пенденттік джентри және буржуазияның билігін
нығайту міндеті тұрды. Ол Ирландия мен
Шотландиядағы роялистік қауіп-қатерді жоюға
тиіс болатын. «Теміржондылар» әскерін бастаған
О.Кромвель Ирландияны жаулап алуға аттанды.
Кромвель әскері Шотландияға басып кіріп,
Оливер Кромвель
ағылшын контрреволюциясын қолдайтын жер-
Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
гілікті феодалдарды тас-талқан етті. Осы жеңістер нәтижесінде
Англия Республикасын Испания, Швеция, Франция ресми түрде
таныды.
О.Кромвель протектораты. Республиканың ішкі саяси ахуалы
ауыр күйінде қалды. Елде жаңа Конституцияны бекітіп, заңна-
малық реформаларды жүргізу қажет болды. Осы жағ дайда Кром вель
парламентті таратып, жаңа би лік органы — Кіші немесе Бэрбондық
парламентті тағайындады. Парламенттің әлеу меттік-эконо ми калық
өзгерістері билеуші топтың наразылығын тудырды. Кіші парламент
өзін-өзі тарқатуға мәжбүр болды. Англияда «Басқару құралы»
атты жаңа Конституция қабылданды. Кромвель Англияның,
Шотландияның және Ирландияның өмірлік лорд-протекторы болып
тағайындалды. Шын мәнінде, протекторат жүйесі Кромвельдің
әскери диктатурасы еді. 1658 жылы Кромвель қайтыс болып, билік
оның ұлы Ричардқа көшті. Халық наразылығы қайта жанданды.
Англияда реформалар жүргізуге дәрменсіз Екінші республика
орнады.
Саяси режімнің тұрақсыздығы, халық толқуларының өсуі
монархиялық билікті қалпына келтіруге итермеледі. Шіркеудің
пресвитерлік құрылымы қалпына келтірілді.
Голландияның Бред қаласында эмиграцияда жүрген II Карл
төңкеріске қатысу шыларға рақымшылық жасау, дін еркіндігі мен
жерді сату және тәркілеуді бекіту туралы декларация жариялады.
Англияда қайтадан абсолюттік монархия режімі орнады.
Корольдың саясатына наразы оппозиция жетекшілері Нидерланды
үкіметінің басшылығына ұсыныс жасап, ІІІ Вильгельм Оранскийдің
Англияға оралып, «протестанттық еркіндікті» қалпына келтіруін
сұрады.
«Даңқты революция» және конституциялық монархияның
орнығуы. ІІІ Âильгельм Îранскийдің әскері Лондонды басып алды.
12