Page 16 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 16
Өнеркәсіптің басқа салаларында
да айтарлықтай өзгерістер болды.
Джеймс Уатт бу мәшинесін ойлап
тауып, оны жетілдірді. Өнеркәсіп
орындарының өзендер қуатына
т ә у е л д і л і г і ж о й ы л д ы , б ұ л —
фабрикалардың кеңінен ашылуына
әкелді. Бу мәшинесі жұмыс істеуі
үшін көмір қажет болды. Бұл көмір
өндірісін дамытты. Англиядағы
өнеркәсіптің дамуы жаңа қалалардың
салынуына әкелді, жолдар мен көлік
Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
санының артуына ықпалын тигізді,
Луддашылар әрекеті
жаңа тап — өнеркәсіп пролетариа ты
қалыптасты. 1786 жылдан бастап Лондоннан түрлі бағыттарда пош-
та күймелері (дилижанстар) тұрақты жүре бастады. Ауыр жүктер-
ді — көмір мен металдарды арзан тасымалдауға мүмкіндік беретін
су арналарын салу кең етек алды.
Ойлан
Не себептен Англияда басқа елдермен салыстырғанда
өнеркәсіп төңкерісі ертерек басталды?
Мәшинелерді қолдану еңбек ақының төмендеуіне әкеп соқ тыр-
ды. Көптеген жұмыскерлер жұ мыстарынан айырылды. Еңбек
жағ дайы ауыр болды. Жұмыс күні 14—18 сағатқа созылды.
Мұ ның барлығы жұмысшылар арасында наразылық туғызды.
Жұмысшылардың нара зылығы мәшинелерге қарсы бүлікке ауысты.
Жұмыскерлер фабрикаларға лап қойып, мәшинелерді талқан дады,
фабрика ғимараттарын өртеді. Бұларды жіп иіру станогын алғаш
талқандаған жасөспірім Нэдда Лудда ның атымен луддашылар деп
ата ды. Луддашылардың әре кеттері кәсіпкерлерге орасан за лал
әкелгендіктен, парламент бүлік шілерге өлім жазасы туралы заң
қабылдады. Бірақ луд дашылардың әрекеттері өнер кәсіптік бет-
бұрыстың сәтті қадамын тоқтата алмады.
ПӠкӠрталас
Луддашылардыӫ әрекетӠ ӹнеркәсӠп тӹӫкерӠсӠнӠӫ дамуына ӧалай әсер
еттӠ?
16