Page 13 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 13

Ол  1689  жылдың  басында  Англия  королі  болып  жарияланды.
        Осылайша «Äаңқты революöия» деген атауға ие болған қантөгіссіз
        мемлекеттік төңкеріс болды.
            Жаңа мемлекеттік жүйенің негізгі құжаты — «Құқықтар туралы
        билль»  енгізілді.  Англия  парламенттік  монархияға  айналды.
        Король  елді  парламентпен  бірігіп  басқаратын  болды.  Корольдың
        парламенттің рұқсатынсыз заңдар шығаруға, салықтарды жинауға,
        әскер  ұстауға,  дін  істеріне  араласуға  құқығы  болмады.  Құқық
        жөніндегі  декларациясында  халық  корольды  орнынан  алуға
        өзгертуге құқықты болды. Сондай-ақ тақ мұрагерлігі тәртібін өзгерте
        алуға құқылы екендігі атап көрсетілді. Жалпы алғанда, 1688 жылғы
        төңкеріс жер иеленуші ақсүйектер мен ірі буржуазияның арасында
   Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
        бітімгершілік барын көрсетті.

          ПӠкӠрталас

          1688 жылӣы революцияны «даӫӧты революция» деп атау дӯрыс па?


            Ағылшын  революциясының  тарихи  маңызы.  Ағылшын
        революциясы  капи тализмнің  дамуына  маңызды  қадам  жасады.
        Парламент арқылы жаңа капиталистік жүйенің дамуына үлес қосқан
        бірқатар  заңдар  қабылданды.  Бұрынғы  тектілік  артықшылыққа
        тойтарыс  беріліп,  абсолютизм  жойылды.  Елде  азаматтық  қоғам
        қалыптаса  бастады.  Ағылшын  революциясы  жариялаған  саяси
        талаптармен бірге буржуазиялық еркіндік, жаңа экономикалық тәртіп
        зама науи индустриялық өрке ниеттің іргетасын қалады. Ағылшын
        революциясының  ерекшелігі  жаңа  ақсүйектер  буржуазиямен
        одақтаса отырып монархияға, феодалдық ақсүйектерге және шіркеу
        үстемдігіне қарсы күресті.
            ХVII  ғасырдағы  ағылшын  революциясы  және  пуританизм
        идеяларының  таралуы  дәстүрлі  қоғам  және  шексіз  монархияны
        жойды. Елде конституциялық парламенттік монархия орнады.


          БӠлӠмӠӫдӠ тексер

          1.  ХVI—ХVII ғасырлар тоғысында Англия экономикасында қандай өзгерістер
            болып жатты?
          2.   Ағылшын буржуазиялық революциясының негізгі кезеңдерін атап бер. Олар-
            дың қандай айырмашылығы бар?
          3. Неліктен Кромвель протектораты әскери диктатура деп аталды?
          4. Ирландия мен Шотландиядағы Кромвель әскерінің әрекеттері қандай болды?


                                                                                     13
   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17   18