Page 15 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 15
Ойлан
Қандай жағдайлар Англияда өнертапқыштық және ғылыми
ойдың дамуына себеп болды?
Англиядағы өнеркәсіп төңкерісінің алғышарттары және да-
муы. Өнеркәсіп төңкерісінің маңызды алғышарты Ағылшын
буржуазиялық рево люциясы болды. Сонымен қатар Англияның
географиялық қолайлы орналасуын, Америка ашылғаннан кейін
Англия дүниежүзілік теңіз сауда жолдарының торабында болуын
атауға болады. Дәл осы алғышарттар Англиядағы өнеркәсіптік
Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
төңкеріске әкелді.
Англиядағы өнеркәсіп төңкерісі тоқыма өндірісінде мәшинелерді
ойлап табудан басталды. Иірілген жіпке деген сұраныс жіп тоқудағы
бірқатар өнертабыстарға қосымша демеу болды. 1733 жылдың
өзінде тоқымашы әрі механик Джон Кей шұғаны өңдеуге арналған
«ұшқыр шөлмекті» ойлап тапты. 1738 жылы Р.Аркрайт адамның
қатысуынсыз жіп иіретін мәшине жасады. 1765 жылы Джеймс
Харгривс «Дженни» механикалық жіп иіру мәшинесін ойлап
тапты. Оның көмегімен бір жұмыскер 18—20 ұршықты қозғалысқа
келтірді. 1767 жылы ағаш шебері Хейс су дөңгелегінің қозғалысқа
келтірілетін және жоғары өнімділігімен ерекшеленген жіп иіру
мәшинесін жасап шығарды. 1771 жылы Р.Аркрайт алғашқы жіп
иіру фабрикасын ашты, мұнда мәшинелер су дөңгелегінің күшімен
жұмыс жасады.
«Дженни» жіп иіру мәшинесінің эскизі
15