Page 17 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 17

Өнеркәсіп  төңкерісі  жаңа  буржуа зиялық  қоғамның  экономи-
        калық іргесін қалап берді. Ағылшын өнер табыстары басқа да елдерге
        жылдам енді.
            Қоғамда екі негізгі тап — бур жуа зия мен өнеркәсіп пролетариа-
        ты қалыптасты. ХVІІІ ғасырда Англияда өнеркәсіп төңкерісі капи-
        тализмнің мануфактура лық кезеңінен мәшинелік техникаға сүйенген
        капиталистік өндірістің фабри калық жүйесіне көшті. Индустриалды
        қоғамның қалыптасуы басталды.


           Аныӧта
           Не себептен бӠз ӹнеркәсӠп тӹӫкерӠсӠ жаӫа буржуазиялыӧ ӧоӣамныӫ экономикалыӧ
           негӠзӠн ӧӯрды деп айтамыз?
   Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі

            Англиядағы  өнеркәсіп  төң керісінің  аяқталуы.  Өнеркәсіп  төң-
        керісінің маңызды нәтижесі ин дустрияландыру болды.
            Бұл  Англияның  экономикалық  географиясын  өзгертті.  Тауар-
        лардың  жекелеген  түрлерін  өндіруге  мамандандырыл ған  жаңа
        өнеркәсіптік аудандар пайда болды.
            Өнеркәсіп төңкерісі паровоздың  жасалуымен аяқталды. 1825 жылы
        Дж. Стефенсон Дарлингтон мен Стоктон арасында жолаушылар тасы-
        малдайтын пойызын жүргізді. Англия дүниежүзілік шеберханаға
        айналды, оның бұйымдарымен ешкім бәсекелесе алмады. Лондон
        әлемдік сауда орталығы болды.
            XIX ғасыр тарихқа «мәшине» ғасыры, «темір» ғасыры ретін де
        кірді.
            Индустриялы  қоғамға  өту  үрдісін  модернизаöия  деп  атайды.
        Бұл қоғамға мәшине техникасына негізделген өнеркәсіп, нарықтық
        экономиканың қалыптасуы, шаруашылықтың белсенді түрлерінің
        таралуы, қоғамның таптық құрылымының пайда болуы тән.


          ПӠкӠрталас
          Индустриалды ӧоӣамӣа таӣы ӧандай белгӠлер тән?


            «Көне» және «жаңа» аристократия. XIX ғасырдың екінші жар­
        тысында  еуропалық  аристократия  алдында  жаңа  қоғамға  бейім-
        делу мәселесі тұрды. Көптеген аристократтар ірі жер иелері бол ған-
        дықтан, олардың өмірі қаламен ғана емес, ауылмен де байланыс ты
        болды.
            Алайда индустриалды қоғамның біртіндеп дамуымен аристокра-
        тияның үстемдігі өткенге айналды. Жер телімдерінің бөлігі қалалық

                                                                                     17
   12   13   14   15   16   17   18   19   20   21   22