Page 22 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 22
барлығы дерлік егіншілікпен, мал шаруашылығымен, аңшылықпен
айналысты. Дегенмен Үндістанда халықтың әлеуметтік немесе
ұлттық тегінен бұрын, оның касталық тегі басты орын алды.
Каста — ӭндӠ халӧыныӫ арасында адамдардыӫ кәсӠбӠ, ӧӯӧыӣы мен мӠндеттерӠ
мӯраӣа берӠлӠп отыратын адамдардыӫ тӯйыӧталӣан жабыӧ топтары.
Касталық жүйе жоғарыдан төменге дейiн бөлiнетiн төрт сатыдан —
варнадан тұрды: брахмандар (дін өкілдері), кшатрийлер (билік
өкілдері, әкімдер, әскери адамдар), вайшилер (қауымның ерікті
мүшелері, қолөнершілер мен саудагерлер) және шудралар (қауымның
еріксіз мүшелері, құлдар мен малайлар). Олардың әрқайсысы бiр-
бiрiнен өте қатаң заңдар арқылы оқшауланды. Бiр кастадан екiншiсiне
Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
өту мүмкiн емес едi. Үндi қоғамының аса кедей төменгi топтарын
жиiркенiшпен «кесапаттылар» деп атады. Олар өте көп едi.
Ойлан
Каста деген не? Касталық жүйеге анықтама бер.
Ұлы Моғол мемлекетiнiң құрамына кiрген Үндiстанның Бенгал,
Маратха, Гуджарат, Пенджаб сияқты iрi ұлыстары касталық жүйеге
бөлiндi. Бұл кезде Үндiстан феодализм дамуын басынан кешiрiп
жатқан. Үндi қауымы қатаң тәртiппен келiсiлген еңбек бөлiнiсiне
енгiзiлдi.
Брахмандар
дін өкілдері
Кшатрийлер
әскери
адамдар әкімдер билік өкілдері
Вайшилер
(қауымның ерікті мүшелері)
жер
көпестер малшылар өсімқорлар иеленушілер
Шудралар
тері (қауымның еріксіз мүшелері)
илеушілер тоқымашылар кір жуушылар қышшылар
Кедейлер (төменгі топ —
«кесапаттылар»)
Касталық жүйе
22