Page 25 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 25

жалғыз өзi отарлауына наразылық бiлдiре бастады. Бұл бәсекелестiктi
        ескерген ағылшын өкiметi 1773 жылы Үндiстанды билеу жөнiнде
        заң  қабылдап,  заң  бойынша  Үндiстанды  басқаратын  генерал-
        губернатор қызметiн тағайындады. Бұл қызметке үмiткердi Ост-Үндi
        компаниясымен  бiрге  парламент  ұсынатын  болды.  Үндiстандағы
        ең алғашқы генерал-губернатор болып ағылшын Уоррен Хейстингс
        тағайындалды.
            Ағылшын  билеушiлерi  жергiлiктi  жердегi  әкiмшiлiк,  сот,
        салық  жинау,  полиция  және  т.б.  қызметтердi  өз  қолына  алды.
        Ағылшындық  судья  басқарған  қылмыстық,  азаматтық  соттар
        құрылды.  Ағылшындар  жергiлiктi  үндiлер  мен  мұсылмандарға
        қарсы қандай қылмыс жасаса да, жазаға тартылмайтын болды.
   Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
            Отаршылдар Үндiстандағы өз мүдделерiн қорғау үшiн жергiлiктi
        халықтан жалдамалы, қарулы әскер жасақтарын құрды.
            Үндiстандағы мұсылмандар мен үндiлер ендi ағылшын отаршыл-
        дарына қарсы күрестi. Билiктерiн орнатқан жердегi халықты қанап,
        салықты ауырлатып, олардың өмiр сүру деңгейiн төмендетiп жiбердi.
        Ашынған халық ағылшындарға өшпендiлiкпен қарады. Үндiстан
        Англияға арзан шикiзат беретiн, оның өндiрiсiнiң өркендеуiнде өте
        маңызды орны бар елге айналды.
            Үндiстандағы  ауыл шаруашылығы,  қолөнер  мен  қалалардағы
        сауданың өркендеуi. Үндiстанның ежелден өзiнiң тамаша қолөнерi
        және сәулет өнерiмен даңқы шыққан Бомбей, Мадрас, Калькутта
        сияқты iрi сауда орталықтары болды. Қалалар қолөнер мен сауданың
        дамуына зор ықпал еттi. Үндiстан жерi арқылы iрi халықаралық
        сауда жолдары өттi. Үндiстан арқылы Еуропаның сауда керуендерi
        әртүрлi  азық-түлiк  түрлерiмен  Қытайға  және  Үндiқытайға  сауда
        жасап барып, ол жақтан Шығыстың тамаша қолөнер бұйымдарын,
        зергерлiк  заттарын,  алтын-күмiс,  бағалы  тастар  алып  қайтатын.
        Саудадан байыған үндi раджаларының қоймалары нағыз байлықтың
        көзi болды.
            XVII ғасырда негiзi қаланған голландық және ағылшындық Ост-
        Үндi компаниялары үндiлерден әртүрлi маталар, қолөнер бұйым-
        дарын сатып алып, оны Еуропаға апаратын. Ал Еуропадан әкелiнген
        тауарлар Үндiстанда сұраныста жоқ едi. Себебi сапасы төмен, бағасы
        қымбат тауарлар үндiлерге керек емес еді. Еуропалық тардан тек
        алтын сатып алуға болатын едi.



           Аныӧта
           ӬндӠстанда шаруашылыӧтыӫ ӧандай салалары жаӧсы дамыды?

                                                                                     25
   20   21   22   23   24   25   26   27   28   29   30