Page 24 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 24

ұлы  Моғол  империясының  ыдырауы.  Халық  көтерiлiстерi.
             Ұлы Моғол мемлекетiнде қалыптасқан экономикалық қиындықтар
             бұқара  халықтың  жағдайын  нашарлатты.  Феодалдық  жер
             иеленушiлердiң  мемлекеттiң  шаруаларға  салатын  салықтарының
             өсуi, тұрмыстарының ауырлығы олардың Ұлы Моғол билiгiне қарсы
             наразылығын күшейттi. Әр жерден қарапайым халық көтерiлiстерге
             шыға бастады. Сондай-ақ Үндiстан халқының этностық және дiни
             ғұрыптары оларды моғол билiгiнен тәуелсiздiк алуға ұмтылдырды.
             Мемлекеттiң iргесi шайқалды. Бiр аймақтан кейiн екiншiсi Ұлы
             Моғол мемлекетiнен бөлiнiп кетiп жатты.
                 XVIII  ғасырдың  ортасына  қарай  бiр  кездегi  аса  қуатты  Ұлы
   Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
             Моғол мемлекетiнiң Үндiстандағы билiгi құлады. Үндiстан жерiнде
             еуропалық отаршылдардың билiгi орнай бастады.
                 Еуропалық державалардың Ост-Үнді компаниясының құрылуы
             және  отаршылдықтың  басталуы.  Үндiстанды  еуропалықтардың
             отарлай  бастауы.  ХVІІ  ғасырда  еуропалық  кейбір  мемлекеттер
             Үнді  мұхиты  арқылы  сауда  жүргізу  және  отарлар  иелену  үшін
             құрылған Ост-Үнді компанияларын құрды. Мысалы, ағылшындық,
             француздық, голландық Ост-Үнді компаниялары. Олар сауда мен
             отар иеліктері үшін өзара бәскелестікке түсті.
                 XVIII  ғасырдың  ортасында  Үндiстанды  отарлауға  ұмтылған
             еуропалықтардың  iшiнде  аса  белсендiлiк  танытқандары  француз
             компаниясы мен ағылшындық Ост-Үндi компаниялары болды. Бұл
             екеуiнiң арасында Үндiстан үшiн күрес басталды. Екi мемлекеттiң
             арасында  болған  Жетiжылдық  соғыс  (1756—1763)  нәтижесiнде
             ағылшындық  Ост-Үндi  компаниясы  жеңiске  жетiп,  Үндiстанды
             отарлауды қолға алды. Бұл жекеменшiктегi сауда компаниясы бүкiл
             Шығыс  елдерiмен  саудаға  монополиялық  билiк  жүргiзiп  келген
             едi,  ендi  осы  компания  арқылы  Англия  Үндiстанды  отарлауға
             кiрiстi. Үндiстанның саяси бытыраңқылығын пайдаланып, Ост-Үндi
             компаниясы XVIII ғасырдың 70-жылдары Бенгалияны басып алды.
             Бұл Үндiстанның ең дамыған бай аймағы болатын. Компания XVIII
             ғасырдың 70—80-жылдары Үндiстандағы iрiлi-ұсақты мемлекеттер
             мен  ұлыстардың  бiрiнен  кейiн  бiрiн  бағындырды.  Ағылшындар
             бұл  жолда  жергiлiктi  халық  тарапынан  қуатты  қарсылыққа  тап
             болды.  Халық  көтерiлiстерi  өршiп,  отаршылдыққа  қарсы  күрес
             толассыз  жүрдi.  Ағылшындар  Үндiстанды  отарлауда  ұзақ  уақыт
             соғыс жүргiзуге мәжбүр болды.
                 Үндiстанды отарлауға кең жол ашылғаннан кейiн ағылшындардың
             сауда-өнеркәсiп буржуазиясы Ост-Үндi компаниясының Үндiстанды

             24
   19   20   21   22   23   24   25   26   27   28   29