Page 26 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 26
Еуропалық компаниялардың iшiнен Үндiстанда үлкен табысқа
ие болған ағылшындық Ост-Үндi компаниясы болды. XVII ғасырға
қарай компанияның сауда факториялары теңiз жағалаулары мен
Ганг өзенi бойында пайда болады.
Үндiстан саудасының өркендеуi қолөнердiң дамуына кең жол
ашты. XVII—XVIII ғасырларда Үндiстанда жiбек пен мақта мата
өндiрiсiнде, кеме жасау т.б. қосалқы шаруашылық салаларында
мануфактуралар пайда бола бастады. Саудадан байыған үндi феодал-
дары өндiрiстi дамыту үшiн ауыл шаруашылығымен айналысатын
жер иелерiнiң жерiн сатып алып, саудаға қажеттi өнiм өндiруге
кiрiстi. Шаруалар жерден айырыла бастады. Ұсақ, орташа жер
иелерi мен шаруалардың басына түскен ауыртпалық олардың нара-
Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
зылық көтерiлiсiн тудырып отырды.
Ойлан
Шаруалардың наразылығын туғызған қандай жағдайлар?
БӠлӠмӠӫдӠ тексер
1. Ұлы Моғол империясының құрамына Үндiстанның қандай iрi аймақтары мен
халықтары кiрдi?
2. Моғолдар билігі кезінде жер иеленудің қандай түрлері болды?
3. Ұлы Моғол империясының билігі кезеңiнде мұсылман мен үндiлердiң
арасында қайшылықтар неліктен пайда болды деп ойлайсың?
4. Ұлы Моғол империясы қандай себептерден ыдырауға ұшырады?
5. Үндістанды отарлауда қай елдің Ост-Үнді компаниясы белсенді болды?
6. Топтық жұмыс. Дәптерлеріңе кестені сызып, толтырыңдар.
ХVІ—ХVIII Моғол империясының Моғол империясы
ғасырлардағы Үнді құрамындағы үнді құлағаннан кейінгі үнді
түбегіндегі мемлекеттер халықтары князьдіктері
1. 1. 1.
26