Page 29 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 29
Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
Форт Уильям — Шығыс Үндістандағы Ост-Үнді компаниясының
алғашқы бекінісі
әлем немесе Аустралия сияқты елдерде ғана еуропалық үлгідегі
саяси өзгерiстер енгізді. Ал мемлекеттiлiк пен мәдениеттiң өзiндiк
дәстүрлерiн еуропалықтардан әлдеқайда бұрын қалыптастырған
Шығыс елдерiнің көпшілігі ежелгi өркениетiн сақтап қалды. Жаулап
алушылар, ең алдымен, шығыс халықтарын экономикалық жағынан
тәуелдiлiкке түсiрудi көздедi.
Еуропалық жаулап алушылардың отаршылдықтың алғашқы
кезеңіндегі басты тәсiлi отарлық иелiктердiң барлық байлығын
тонаушылық жолмен иемденiп, өздерiне қажеттi Шығыстың
аса бағалы тауарларына — дәмдеуiштері, шай, кофе, Шығыс
маталары, қытай фарфоры және сән-салтанат заттарының саудасына
бақылау орнату арқылы оларды қанауға ұшырату болды. Осыны
жүзеге асыру үшiн барлық жерде факториялар — сауданың тiрек
пункттерi құрылды. Еуропалық елдердiң отаршылдық саясаты
олардың өздерiнiң арасында бәсекелестiк тудырып, әлемнiң
әртүрлi нүктелерiндегi пайдалы орындар үшiн таласқан өзара
қақтығыстарын тудырып отырды. Еуропалық отаршыл үкiметтiң
қолдауымен құрылған сауда компаниялары қарулы әскери
отрядтардың рөлiн атқарып, отарлық басқыншылық саясаттарын
жүзеге асырды. Олар өз қарамағында әскери күштер ұстады және
бiтiм жасауға немесе соғыс жариялауға, қамал салуға құқылы болды.
Мұндай компаниялар жергiлiктi тұрғын халықтың қарсылығын
басып қана қоймай, бәсекелестерiмен — басқа еуропалық елдердiң
компанияларымен күрес жүргiзуi тиiс болды.
29