Page 33 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 33
барынша сақтауға тырысты. Осылайша Еуропа мемлекеттерiнiң
отаршылдық экспансиясы жаңа дәуiрде бұл елдердiң дамуына
барынша кедергi келтiрiп, шығыс халықтарының тарихи тағдырына
керi әсерiн тигiздi. Әрине, бұл саясат Батыс державаларының
отаршылдық қанау мен тонаудың нәтижесiнде экономикалық
жағынан өркендеп дамуына қол жеткiздi. Шығыс пен Батыстың
арасындағы теңсiздiк одан әрi тереңдей түстi.
Азия елдерiнiң iшiнен Жапония ғана әртүрлi iшкi және сыртқы
себептер арқасында төнiп келген отаршылдық құрсауға түспей,
өзiнiң егемендiгiн сақтап қалды. Бiрақ оның өзi ұзаққа бармай,
ХIХ ғасырдың ортасында америкалықтардың Жапонияны күштеп
«ашуынан» бiршама тәуелдiлiкке түсуге мәжбүр болды.
Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
ХIХ ғасырдың 30—60-жылдарында Батыс державаларының
Шығыс елдерiнде жүргiзген кең көлемдегi басқыншылық саясаты
жергiлiктi халықтың тұрмыс жағдайының күрт нашарлауына, саяси
күйреуiне әкелдi. Қалыптасқан ауыр жағдай Шығыс елдерiнде
отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық қозғалыстарды тудырып,
тәуелсiздiк жолындағы ұзақ күрес кезеңi басталды.
ПӠкӠрталас
НелӠктен Ӧытай мен Жапония елдерӠ «жабыӧ есӠк» саясатын ӯстануӣа
мәжбӭр болды?
БӠлӠмӠӫдӠ тексер
1. Еуропалық Ост-Үндi компаниялары отаршылдық әрекеттерiн қалай жүргiздi?
2. Шығыс елдеріндегі отарлық өндірістік орындар кімнің пайдасына жұмыс
істеді?
3. «Жабық есік» саясатын ұстанған елдер туралы не білесің?
4. Топтық жұмыс. Қазақстан тарихы пәнінен өткен сабақтардағы Қазақстандағы
капиталистік қатынастардың неліктен кеш дамығандығын еске түсіріп,
Шығыс елдерімен ұқсас жақтарын салыстырыңдар.
5. Кестені дәптерге сызып толтырыңдар.
ұлы державалардың отарлық иелiктерi
Отаршылық саясат
Отарлық держава Отарлық иелік
ерекшеліктері
33