Page 31 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 31

XVII—XVIII ғасырлар бойы ресейлiк әскери қызметтегi адамдар,
        казактар және шаруалар бiртiндеп Сiбiрдi игердi, ал 1784 жылы
        алғашқы орыс елдi мекендерi Аляскада да пайда болды. Амурда
        Ресей басқыншылары Қытаймен қақтығысқа түсіп, XVII ғасырдың
        соңында орыс-қытай шегарасы белгіленді. Сiбiрдi отарлау Ресейдiң
        аумағын екi есе дерлiк ұлғайтты.
            Отарлық  езгi  зардаптары.  ХVIII—ХIХ  ғасырларда  Еуропа
        елдерiндегi  капиталистiк  қатынастардың  дамуы  азиялық  нарық
        үшiн күрестi, отарлық иелiктердi қанауды одан әрi күшейте түстi.
        Отаршылдар отарлық қанаудың жаңа әдiсiне көше бастады. Бұрынғы
        сауда арқылы ғана отарлау әдiсi ендi өз мәнiн жойып, онымен бiрге
        атақты  сауда  компаниялары  да  өмiр  сүруiн  тоқтатты.  Отаршыл
   Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
        мемлекеттер  ендi  барлық  билiктi  өз  қолдарына  алып,  бүкiл  бiр
        елдi, тiптi бiр құрлықты тауар өткiзу нарығы мен шикiзат көзiне
        айналдыра бастады. Еуропалық отаршыл мемлекеттердiң отарлық
        саясаты капиталистiк қатынастардың одан әрi күшейiп, дамуына
        жол  ашса,  Шығыс  елдерiн  күйзелiске  әкелдi.  Шығыс  елдерiнiң
        өндiргiш  күштерi  күйредi,  шаруашылық  өмiр  салты  бұзылды.
        Капиталистiк Батыс пен артта қалған Шығыс елдерiнiң арасында
        теңсiздiк пайда болды.
            Отаршылдық тонау толық отарға айналған елдер үшiн ғана емес,
        өз  тәуелсiздiгiн  сақтап  қалған  Қытай,  Корея,  Жапония  сияқты
        Шығыс Азия елдерi үшiн де өте ауыр саясат болды. Бұл аталған
        елдердi шетелдiк отаршылдарға елдi тонатпау үшiн «жабық есiк»
        саясатын  ұстанып,  тұйықталуға  мәжбүр  еттi.  Сыртқы  дүниеден
        оқшаулану саясаты бұл елдердiң дүниежүзiлiк даму деңгейiнен көп
        артта қалуына әкеп соқтырды.



          Ойлан
                     «Жабық есік» саясатының Шығыс халықтарының өміріне
                     тигізген қандай зардабы болды?

            Отарлық құлдыққа түскен елдердiң экономикасы, әсiресе ауыл-
        ша руашылығы  отаршылдардың  мақсат-мүддесiне  қарай  ыңғай-
        ластырылды.  Егiстiк  жерлерге  халықтың  өзiне  қажеттi  өнiмдер
        өндiруге  емес,  отаршылдардың  қажетiне  керектi  техникалық
        дақылдар — мақта, темекi т.б. өсiруге мәжбүрледi. Соның нәтижесiнде
        халықтың өмiр бойы айналысып келе жатқан шаруашылық түрi
        өзгердi, өндiргiш күштер күйредi, мыңдаған қолөнершiлер, шаруалар
        тоқырауға ұшырап, негiзгi кәсiбiнен айырылды.

                                                                                     31
   26   27   28   29   30   31   32   33   34   35   36