Page 32 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 32

ХIХ  ғасырдың  басына  қарай  отарлық  нарықтар  мен  арзан
             өндiрiстiк шикiзат көздерi iрi-iрi халықаралық шиеленiстерге әкеп
             соқтырды. Англия мен Франция арасындағы отарлық бәсекелестiк
             күрестiң нәтижесiнде ағылшын буржуазиясы үстемдiкке ие болып,
             Шығыс  елдерiндегi  өз  ықпалын  кеңейте  түстi.  Азияда  отарлық
             иелiктер үшiн ағылшын-орыс бәсекелестiгi туындады.
                 «Еркiн  сауда»  принципi  жолында  Англия  ХIХ  ғасырдың
             бiрiншi  жартысында  соғыстар  жүргiздi.  Осы  «Шығыс  мәселесi»
             жолында  ол  Франциямен  және  Ресеймен  шиеленiстерге  барды.
             Бұл кезеңдегi Англия жүргiзген iрi соғыстардың қатарында үндi
             ұлыстарын толық бағындыру әрекетiн, Иран мен Ауғанстанға қарсы
             «Үндiстанды қорғау» деген бетперде жамылған екiжүздi соғыстарды
   Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
             атап  айтуға  болады.  Ағылшын  капиталистерi  Қытай  нарығын
             жаулап алу жолындағы «апиын соғыстарының» да бастамашысы
             болды. Қытайды отарлауға ағылшындардан басқа Франция, АҚШ,
             Германия, Ресей де мүдделi болды. Қытай мен оған көршi жатқан
             елдерге отаршылдар әртүрлi келiсiмшарттарды ерiксiз таңды. Бұл
             әдiлетсiз шарттар отаршыл капиталистердi ерекше жеңiлдiктер мен
             артықшылық құқықтарына ие еттi.
                 Отарлық жүйенiң отар елдер экономикасына әсерi. Еуропалық
             отаршылдардың  әлсiз  дамыған  Шығыс  елдерiне  баса-көктеп  енуi
             және  олардың  тонаушылық  саясаты  —  жаңа  замандағы  Шығыс
             мемлекеттерiнiң экономикалық, саяси және мәдени жағынан артта
             қалуының  басты  себебi  болды.  Ол  Шығыс  елдерiнiң,  еуропалық
             елдермен салыстырғанда, бiржақты нашар дамуына әкелiп соқтырды.
             Отаршылдардың  тонаушылық  әрекетi  Шығыс  елдерiнiң  дербес,
             заңды  түрде  табиғи  дамуын  күшпен  тежеп,  өндiргiш  күштерiн
             күйреттi, ежелден қалыптасқан мәдениетiн құлдыратты.


               Ойлан

                          Шығыс елдерi нелiктен қоғамдық дамуы жағынан Батыс
                          елдерiнен артта қалып қойды деп ойлайсың?


                 Соның салдарынан Шығыс елдерiнде капиталистiк қатынастардың
             қалыптасуы  бәсең  түрде  дамыды.  Жапониядан  басқа  барлық
             Шығыс елдерi метрополияның аграрлық-шикiзат көзiне айналды.
             Бұл  елдерде,  негiзiнен,  жергiлiктi  шикiзатты  өңдеуден  өткiзетiн
             өнеркәсiп салалары дамыды. Отаршылдар Шығыс елдерiнiң артта
             қалған, нашар дамыған жағдайын өзгерткiсi келмедi, олар халықты
             қанаудың ең ауыр әдiстерiн қолданып, саяси бытыраңқылықтарын

             32
   27   28   29   30   31   32   33   34   35   36   37