Page 28 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 28

сырдың соңынан бастап XVI ғасырда Америкадағы, Африка мен
             Азиядағы халықтарды отарлау нысанына айналдырған кезден бастау
             алды.
                 Екi  ғасыр  бойы,  алдымен  португалдықтар  мен  испандықтар,
             содан кейiн голландықтар, ағылшындар мен француздар Шығысқа,
             Африкаға,  Үндiстанға,  Азияның  оңтүстiк-шығысына  теңiзден
             жол  сала  отырып  Аустралияны  ашты.  Ал  осы  уақытта  орыс
             саяхатшылары Сiбiрдi игерiп, Тынық мұхит жағалауларына шықты.
             Магелланнан бастап дүниежүзiн айналып шығу саяхаты басталды.
                 Еуропалықтар Шығыс әлемiн өздерiнiң мүдделерiне сай қайта
             құруға әрекеттендi. Ұлы географиялық ашылулар дәуiрi еуропалық
             отаршылдыққа, алыс теңiз сыртындағы жерлердi жаулап алу және
   Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
             тонау саясатына, Батыстың өз көзқарастары мен принциптерiн өз
             отарларына ерiксiз таңу арқылы оның дәстүрлi құрылысын жоюға
             жол ашты.
                 Қытай  және  Жапония  сияқты  кейбiр  елдер  еуропалықтардың
             жөнсiз  араласуынан  өздерiн  сақтауға  ұмтыла  отырып,  сыртқы
             әлемнен  оқшаулануға  көшіп,  «жабық  есік»  саясатын  ұстануға
             мәжбүр  болды.  Басқалары  (Африка,  Америка,  Үндiстан  елдерi)
             еуропалық отаршылдықтың құрбандарына айналды.
                 Еуропалық өркениеттiң әскери және теңiз iсiндегi, өнеркәсiптегi
             қол жеткiзген табыстары олардың басқа елдерден «артықшылығын»
             айқындап, ерекшелейтiн жағдай қалыптастырды. Өзiндiк өркениет-
             тiк нәтижесi бар «Еуропа — басқа халықтарға үлгi болады» деген
             түсiнiк  «еуроцентристiк»  немесе  «Еуропаға  табыну»  ұғымын
             қалыптастырды.
                 Капиталистiк дамуды көздеген Еуропа елдерi өз ұстанымдарын
             сақтай отырып, көптеген артықшылықтарға ие болды. Бұл артық-
             шылықтар  әскери  әлеуетте  көрiнiс  тапты.  Ендi  барлау  экспе-
             дицияларының  орнына  бай,  басқа  елдердi  игеру  басталып,  ол
             жерлерде  еуропалықтар  отарлық  жүйенi  белсендi  түрде  орната
             бастады.  Шығыстық  дәстүрлi  қоғамдардың  көпшiлiгi  еуропалық
             отаршыл  күштiң  алдында  дәрменсiздiк  танытып,  олардың  оңай
             олжасына айналды.


                Аныӧта
                Еуропалыӧ ӹркениеттӠӫ жаӫа замандаӣы ӧол жеткӠзген табыстарын зерделе.

                 Еуропалықтар, әдетте, өздерiнiң отарларының саяси құрылымына
             араласпады. Жаулап алған елдерде мемлекеттiлiк мүлде болмаған,
             не  болмаса,  дамудың  мейлiнше  төменгi  деңгейiнде  тұрған  Жаңа

             28
   23   24   25   26   27   28   29   30   31   32   33