Page 23 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 23
Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
Тәж-Махал кесенесі
Бұл керемет өнер туындысы мәңгілік махаббаттың ескерткіші ретінде ғасырлар
бойы адамзатты романтикалық күйге бөлеп келеді. Тәж-Махал әлемдегі жеті
кереметтердің бірі ретінде сақталған. Қазір бұл ескерткішті 1983 жылдан бастап
ЮНЕСКО өз қамқорлығына алған. Әлемде оған тең келетін сәулет өнері жоқ.
Ұлы Моғолдар дәуірінен сақталған бұл сәулет кесенесін Үндістанда билік құрған
Шах Жаханның сүйікті жары Мүптаз Бегімге арнап салдырған. Аңыз бойынша
қайтыс болған жарына арнап мәңгілік махаббаттың символы ретінде ескерткіш
орнатқан.
23