Page 38 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 38
ұсынды. II Екатерина басқарған уақытта көптеген
реформалар жасалып, заңдар шығарылды.
Австрияда Мария Терезия және оның баласы
ІІ Иосиф басқарған жылдары жүзеге асырылған
реформалар «ағартушылық абсолютизм» сая-
сатына тән болды. Олар реформаларды бас қарушы
ақсүйектердің мүддесінде жүргізіп, буржуазияға
азғана жеңілдіктер берді. Мария Терезия басқару
және әскер саласында ауқымды реформаларды
жүзеге асырды, жалпыға бірдей білім беруді
Пруссия королі мін детті етті, көпшілікке арналған кітапханалар
II Фридрих
Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
мен бір неше обсерваториялар салғызды. ІІ Иосиф
кезінде Австрияда католиктік шіркеудің артық шы лық тарын
шектейтін бірқатар шаралар ұйымдастырылды.
Ойлан
Неліктен XV Людовик энциклопедияның шығуына тыйым
салды, ал Ұлы Екатерина оны жарыққа шы ғаруды ұсынды?
Ең ағартушы басқарушы Пруссияның королі ІІ Фридрих болды.
Ол философ-король деген атқа ие болды. Оның кезінде алғаш
рет мерзімді басылымдар еркіндігін негіздеуге мүмкіндік алды.
ІІ Фридрих өзін ғылым мен өнердің қолдаушысы ретінде көрсетті. Ол
Корольдық операны, Берлин ғылым академиясын құрды, Берлинде
тұңғыш көпшілік кітапханасын ашты.
ІІ Фридрихтің дінге еріктілігі барлығынан асып түсті. Таққа отыра
салып: «Барлық діндер тең және жақсы, егер оны ұстанушылар адал
адамдар болса», — деді. Ағартушылық монархтардың әрекеттері екі
жақты сипатта болды. Олар ағартушылар болса да, алайда деспоттар
болып қалды.
Ағартушылық идеяларының қоғамдық дамуға ықпалы. Ағарту-
шылық ғасыры Еуропада ортағасырлық қоғамдық қаты настарды
толық жою iсiн жүзеге асырды. Ағартушылардың бұл тобы дiни
сенiмдердi ғылым тұрғысынан сынады. Францияда көптеген
ағартушылар католиктiк шiркеуден қол үзiп, оларды сынға алды.
Олар жанның өлмейтiндiгiне, дүниенi құдайдың жаратқанына,
табиғаттан тыс күштердiң бар екенiне сенбедi, олар құдайға сену
табиғаттың барлық құпиялары ашылғанда өзiнен-өзi жойылады деп
есептедi. Ағартушылық ғасырында шiр кеудiң қоғам мен мемлекетке
38