Page 43 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 43

план тацияларға  түскен  табыс  көптеген  еуропалық  қала лардың
        гүлденуіне себепші болды.


          Ойлан

                     Трансатлантикалық құлиеленушілік классикалық көне
                     заманғы құлиеленушіліктен несімен ерекшеленді?


            Солтүстікамерикалық  құрлықтағы  капитализмнің  дамуы  —
        қара  нәсілділердің  құлдық  саудасы  болатын.  Қара  нәсілділердің
        құлдығы  жұмыс  қолының  жетіспеушілігінен  капиталистік  даму
        қажеттіліктеріне  байланысты  туындады.  Трансатлантикалық
        плантациялық құлдық көне құлдықтан түбегейлі басқаша болды.
   Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
        Плантация шаруашылығында құлдар болған кезде жұмыс капита-
        листермен жүргізілді және ондағы өндіріс басынан бастап әлемдік
        нарыққа арналды.
            Солтүстікамерикалық  құрлықтағы  капитализмнің  дамуының
        ма ңызды ерекшелігі құлдық және құл саудасы болды.
            Құлдар еңбегі, әсіресе оңтүстік отарларда, кеңінен қолданылды.

          ПӠкӠрталас

          Неге трансатлантикалыӧ ӧӯлдыӧ солтӭстӠкамерикалыӧ отарларда ке­
          ӫӠ нен дамыӣан едӠ?

            Тәуелсіздік үшін соғыстың алғышарттары. Ағылшын буржуазия­
        сы отарларды шикізат көзі ретін де және өндірістік тауарларды өткізу
        нарығы ретінде қарастырды және отарлар дың экономикалық дамуын
        тежеді. Метрополия саясаты отар ларда ғы қандай да бір таптың ғана
        емес, барлық таптар дың мүдде леріне қысым жасады.

             Метрополия — ӹзӠ жаулап алӣан отарларӣа иелӠк ететӠн мемлекет.


            1763 жылы Ал леган жота сын дағы бос жер лерді иеленуге тыйым
        сала тын  корольдық  жар лық  шығарылды.  Бұл  ша ра  ауыл шаруа-

        шылығымен айна лыса тын бар лық отарлау шылардың наразы лығын
        тудырды.
            Аграрлық мәселемен қатар, отарлар мен метрополия ара сындағы
        қарама-қайшы лық тардың орын алуының маңызды себебі — сауда-
        экономикалық мәселелері болды. Ағылшын көпестері отарларды тек
        Англия мен ғана сауда жасауға мәжбүрлеуге тырысты.
            Буржуазиялық дамуға отарлардың саяси өмірін бақылауда ұстап
        отырған Англияның әкімшілік саясаты да кедергі келтірді. Отар

                                                                                     43
   38   39   40   41   42   43   44   45   46   47   48