Page 47 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 47
Қайталау сұрақтары мен тапсырмалар
1-тапсырма. Мәнін түсіндір.
1. Жаңа заман тарихының басты ерекшелігі неде?
2-тапсырма. Жабық тест.
1. Англияда революциялық жағдай қашан қалыптасты?
а) XVI ғ. 30—50-жж.;
ә) XVII ғ. 20—30-жж.;
б) XVII ғ. 30—40-жж.
2. Англия республика болып жарияланды:
а) 1649 ж.; ә) 1650 ж.; б) 1651 ж.
3. ІІІ Вильгельм Оранский қай жылы Англия королі болды?
а) 1689 ж.; ә) 1650 ж.; б) 1651 ж.
4. Солтүстік Америкадағы отарларының тәуелсіздігі үшін соғыс кезеңінде
Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
Англиямен соғысқа кірген ел:
а) Австрия; ә) Франция; б) Пруссия; в) Ресей; г) Португалия.
5. Солтүстікамерикалық отарлардың тәуелсіздік үшін соғысының алғы-
шарттары:
а) плантациялық шаруашылықты жою қажеттілігі;
ә) жекеменшік флоттың болмауы;
б) құнарлы жерлердің жеткіліксіздігі;
в) экономикалық бытыраңқылықты жеңіп шығу қажеттілігі;
г) құлдықты жою қажеттілігі.
3-тапсырма. Ашық тест.
1. Ұлы Моғолдар мемлекеті құрылды...
2. Ұлы Моғолдар мемлекеті бөлінді...
3. Ұлы Моғолдар мемлекетінде бүкіл жердің иесі...
4. Ост-Үнді компаниясын құрған еуропалық державалар...
5. Еуропалықтардың Шығыс елдерін отарлау үрдісі неше кезеңнен тұрады?
4-тапсырма. «Бұл кім?»
1. «Теміржондылар» әскерін бастаған ... Ирландияны жаулап алуға аттанды.
2. 1748 жылы ... «Заңдардың рухы туралы» деген басты еңбегiн жариялады.
3. Дж.Лильберн, У.Олвин, Р.О.Овертон ... көшбасшылары.
5-тапсырма. Кестені толтыр.
Өнертапқыштың аты-жөні Ашқан жылы Өнертабыстың аты
47