Page 42 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 42

Солтүстікамерикалық отарлардың капиталистік дамуы айтарлықтай
             алға басты.
                 Жаңа Англияда басында ақсүйектер болмаған, ұсақ және орташа
             фермерлік шаруашылықтар басым болды. Бұл еркін кәсіп кер ліктің,
             өнеркәсіптің және сауданың дамуына жағдай жасады.
                 Ағылшын корольдары өз жақындарына отарлардағы ірі жерлерді
             таратты. Олар өз жерлерінде феодалдық тәртіп орнатуға тырысты.
             Қарсылық көрсетудің кең таралған формасының бірі — скваттерлік
             қоныстанушылардың батысқа кетуі, «бос» жерлерді өз еркімен ие-
             лену болды.
                  Фермер — ауылшаруашылыӧ ӹнеркәсӠбӠнӠӫ иесӠ.
   Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
                  СкваттерлӠк  (аӣылш.  squat  —  біреудің  жеріне  өз  бетінше  қоныстану)  —
               фермерлердӠӫ  жыртылмаӣан  жерлердӠ  ӹз  еркӠмен  иеленуӠ.  СкваттерлӠк  XVII—XIX
               ӣасырларда АӦШ­тыӫ солтӭстӠк­батысында таралды.
                  Плантация — ӧант ӧамысын, маӧта, шай, кофе егетӠн  ӠрӠ жершаруа шылыӣы.


                 Ауылшаруашылығында  капитализмнің  фермерлік  дамуының
             маңызды  алғышарттарының  бірі  болған  скваттерлік  Солтүстік
             Америка  тұрғындарын  қорлау  және  елдің  ежелгі  тұрғындары  —
             үндістердің өліміне себепші болған еді.
                 Оңтүстік отарларда жер иелері ауқымды плантациялар құрды.
                 Америкалық плантация құлдық езгінің көрінісі болды. Кедейлер
             қоныс  аудару  кезінде  мұхит  арқылы  көшуге  қаражаты  болмай,
             көпестер мен кеме иелерімен жалған келісімдер жасауға мәжбүр
             болған. Алданған кедейлер Америкаға қайта сатылғандарын өздері
             білмей  қалатын.  Бұл  адамдар  «келісім  жасалған  қызметкерлер»
             немесе «ақ құлдар» деп аталды.
                 Қоныс  аударушылар  ағыны  жаңа  жерлерде  шаруашылық
             сұраныстарын  қанағаттандырмады.  Осы  жұмыс  күшін  толтыру
             мақсатында  Еуропаның  назары  Африкаға  ауды.  Біртіндеп  «ақ
             құлдарды» қара нәсілділер құлдығы алмастырды.
                 Трансатлантикалық  құл  саудасы  —  солтүстік  және  оңтүстік
             Американың плантацияларына еңбек ету үшін құлдарды Африкадан
             әкелу үдерісі. БҰҰ құжаттарында: «Трансатлантикалық  құл саудасы
             құлдық тарихында өзінің ұзақ мерзімге созылғандығымен, жолда
             адамдардың  өлімге  ұшырап,  зор  шығындарға  ұшырағандығына
             қарамастан заңды деп танылуы ерекше құбылыс болып табылды.
             Трансатлантикалық құл саудасы жер аудару (депортация) тарихында
             ірі оқиға болды.
                 Құл саудасы Еуропаның бастапқы капита лының қорлануының
             біріне айналды. Құл саудасынан және құл еңбегінен америкалық

             42
   37   38   39   40   41   42   43   44   45   46   47