Page 39 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 39
ықпалы әлсiредi және ғылымға деген ынта күштi болды. Ғалым,
ойшыл, философ адамдарды халық ерекше құрметтедi. Ағартушылар
өздерiнiң кiтапта ры, пьесалары мен мақалалары арқылы өз
елдерiндегi қо ғамдық пiкiрге елеулi ықпал ете бiлдi. Олар абсолюттiк
билiк тәртiбiн, шiркеулiк қараңғылық пен сол заманғы бiлiм беру
жүйесiн, адамгершiлiк азғындауды сынға алды.
Ағартушылық ғасы рының ғалымдары жаратылыстану ғылымына
ерекше көңiл бөлді. Олардың пайымдауынша, физика, химия,
биология, геология және басқа жаратылыстану ғылымдары жер
бетiндегі барлық құбылыстарды түсiндiре алуы тиiс болды.
ХVIII ғасыр ағартушыларын адамзат тарихының мәселелерi, оның
даму барысы, өткені мен болашағы толғандырды. Ағартушылық
Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
ғасырында Еуропада өркениеттiлiкпен, бiлiм мен ғылымның
дамуымен байланысты «қоғамдық прогресс» идеясы қалыптасты.
Адамның ақылына сене отырып, ағартушылар адамзаттың болашағы
жарқын деп есептедi.
Ойлан
Қоғамдық прогресс идеясының мәні неде?
Көптеген француз ағартушылары болжаған XVIII ғасырдағы
революцияның алдында болашақ қоғамдық қайта құрумен
байланысты мәселелерді қарастыру аса маңызды еді.
Олардың пiкiрi бойынша құқықтық мемлекетте әрбiр адам азат
өмiр сүруге, жекеменшiк иесi болуға және жекебас бостандығына
құқылы. Бұл құқықтар заңмен қорғалады және кепiлдiкке ие
болады. Құқықтық мемлекетте заң бәрiнен жоғары тұрады және ол
жалпыға бiрдей мiндеттi.
Азаматтық қоғам құқықтық мемлекеттің қалыптасуы барысында
дамиды. Азаматтық қоғам құқықтық мемлекетсіз өмір сүре алмайды.
Құқықтық мемлекет — әрбiр азаматтыӫ ӹмiр сӭру, жекеменшiк иелену
және жекебасыныӫ ӧӯӧыӧтарына заӫмен кепiлдiк берiлген және ӧорӣалатын мем
лекет. Ӧӯӧыӧтыӧ мемлекетте барлыӣы заӫӣа баӣынады, заӫ алдында теӫ, заӫды
орындауӣа барлыӣы да мiндеттi. Мӯндай мемлекетте ӹкiметтi зорлыӧзомбылыӧ
және бӯрмалаушылыӧтан тежейтiн механизмдер жолӣа ӧойылӣан.
Азаматтық қоғам мен құқықтық мем лекет туралы идеялардың
тууы мен дамуы ағартушылық ғасырының көрнектi қайрат-
керлерi Томас Гоббс, Джон Локк пен Шарль Луи Монтескье
атымен тығыз байланысты болды. Олардың ойынша, егер үкiмет
басшылары билiктерiн асыра пайдаланатын болса, онда халық
39