Page 44 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 44

империяның басқару аппаратын қамтамасыз ету үшін британдық
             үкімет жаңа қаржы көзін іздеп, жаңадан салықтар мен кедендік
             жинақтар  енгізді.  Осы  шығындарды  жабу  мақ сатында  гербтік
             салық  ту ралы  ереже  қабылданды.  Ол  отарлардағы  үлкен  қарсы-
             лықты тудырды.
                 Отарлар мен Англия әс керінің арасындағы әскери қақтығыстардың
             басталуына «Бостондық шай ішу» себеп болды. 1773 жылы отарлар
             тобы ағыл шын шайы тиелген жүкті теңізге лақтырды. Бұл оқиға
             тарихта «Бостондық шай ішу» деген атпен қалды. Жауап ретінде
             бри тандық билік әкімшілік шара ларға көшті, Бостон портын жауып
             тастады. Осы оқиға революцияның баста масы болды. Бұл Америка
             тарихының символдық оқиға ларының бірі болып табылады.
   Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
                  ГербтӠк салыӧ — әртӭрлӠ операциялар жӭргӠзу, ӧӯжаттар толтыру келӠсӠмдердӠ
               тӠркеу ӭшӠн мемлекет жинайтын салыӧ.


                 1774 жылы Филадельфияда Бірінші құрлықтық конгресс болды.
             Қабылданған  құқықтар  Декларациясында  отарлардың  өзін-өзі
             басқару құқығы туралы айтылды. Бұл әлі тәуелсіздіктің жариялануы
             емес, бірақ ел соның қарсаңында тұрды. 1775 жылы сәуірде соғыс
             басталды. Бұл тәуелсіздік үшін соғыстың бастамасы болды.


               Ойлан

                          Англия үкіметінің қай әрекеті тәуелсіздік үшін күрестің бас-
                          талуына әкелді?


                 Тәуелсіздік  үшін  соғыс  және  Америка  Құрама  Штаттарының
             құрылуы. Тәуелсіздік Декларациясы.
                 1775—1783 жылдары Солтүстік Американың тәуелсіздігі үшін
             соғыс Америка құрлығындағы бірінші буржуазиялық революция
             болды. Революцияның алдында екі маңызды міндет тұрды: ұлттық
             тәуелсіздікке қол жеткізу, ағылшын отарлық билігі орнатқан көне
             әлеуметтік-экономикалық және саяси институттарды жою. Сонымен
             қатар америкалық капитализмнің дамуы үшін жол ашу.
                 1775 жылы Филадельфияда Екінші құрлықтық конгресс болды,
             он да Англияға қарсы көтерілген барлық отарлар өкілдері қатысты.
             Конгресс Англиямен қарым-қатынасты үзу және Джордж Вашинг-
             тонның басшылығымен өз әскерін құру туралы шешім шығарды.
                 1776  жылы  4  шілдеде  конгресс  «Тәуелсіздік  Декларациясын»
             қа былдады. Онда отарлар өздерін тәуелсіз мемлекет деп жарияла ды
             және Америка Құрама Штаттарына бірікті. Бұл құжаттың авторы
             То мас Джефферсон болды. Декларация тек америкалықтардың ғана
             44
   39   40   41   42   43   44   45   46   47   48   49