Page 49 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 49
Француз қоғамы үш сословиеден тұрды.
Көптеген артықшылық тарды иеленген бірінші
сословиеге ақсүйектер, екінші сословиеге дін
қызметшілері кірді. Ал мемлекеттің қал ған
азаматтарының барлығы (шаруалар, қол өнер-
шілер, буржуазия, еркін кәсіпшілер, жұмыс-
шылар мен қала кедейлері) үшінші сословиені
құрады. Оларды жалпы құқықсыз жағдай мен
көптеген салықтар төлеу міндеттері біріктірді.
Сонымен қатар үшінші сословиеде буржуазия
мен жұмысшылар арасындағы таптық жіктеліс
жүрді. Француз буржуазиясы әлеуметтік жағынан XIV Людовик
Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
біртекті болмады. Олар ірі, орташа және ұсақ буржуазия болып
бөлінді. Ұсақ буржуазияның иелігінде бірнеше ғана шеберханалар
болды. Бірақ барлық буржуазия, соның ішінде ірі топтары да,
саяси құқықсыз болды. Олар дворяндар мен дін иелері сияқты тең
құқыққа ие болуды армандады.
XVIII ғасырдың ортасындағы Францияның әлеуметтік-эконо-
микалық дамуы. XVIII ғасырда Франция аграрлық мемлекет
болатын. Сауда мен өндірістің даму деңгейі бойынша Франция
қалған еуропалық елдерден тек Англия ға ғана жол бере отырып,
алдыңғы орында болды. Алайда француз экономикасының негізі
ауылшаруашылық өнімдеріне тиесілі болып қала берді.
Франция ауылшаруашылығында негізгі рөлді тәуелді шаруалар
атқарды. Олар корольдың, шіркеудің және феодалдың пайдасына
салықтар төлейтін.
Француз шаруаларының жекебасы еркін болды. Бірақ олар
бұл жерлерді тек феодалдық құқықта және ескі «Мырза болмаса,
жер жоқ» деген қағидаға сүйенді. Дворян дардың жер иеліктері
жеке шаруалар үлесіне бөлінді. Бірақ жекеменшік құқығы
оларға бекітілмеді. Жерді қолданғаны үшін шаруа мырзаға алым-
салықтарды төлеуге міндетті болды.
Сонымен қатар үйде пеш иелену құқығына, көпір және жеке
жолдарды қолдануға шаруалар жанама салықтар төледі. Сеньорға
тиесілі ұстаханаларды, диірменді, наубайханаларды шаруалар ақша
төлеп пайдалана алатын. Шаруа шіркеуді қамтамасыз ету үшін
шіркеу ондығын төледі.
ШӠркеу ондыӣы — табыстыӫ 10 пайыз мӹлшерӠндегӠ шӠркеу пайдасына
тӹленетӠн мӠндеттӠ салыӧ.
Сеньор мен шіркеуден басқа шаруа мемлекеттің негізгі салық
төлеушісі бола отырып, мемлекетті де қамтамасыз етуі керек
49