Page 54 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 54

ряндардық  атақтарды,  сонымен  қатар  дворяндық  мұрагерлікті
             жойды. Тәуелсіздікті қабылдағаннан кейін кәсіп керлік, мемлекеттік
             тәртіп және цехтық жүйе жойылды. Құрылтай жиналысы мемлекетті
             83 департаментке бөлді.
                 Үдей түскен қоғамдық-саяси күресте саяси клубтардың маңызы
             зор болды. 1789 жылы ұйымдастырылған Якобшілер клубы орасан
             зор маңызға ие болды.

                  ЯкобшӠлер — француз буржуазиясыныӫ еӫ солшыл революциялыӧ ӧанатына
               жататын  топ.  Алӣашында  бӯл  саяси  клуб  мӭшелерӠ  ӹздерӠнӠӫ  мәжӠлӠстерӠн  Әулие
               Якоб  шӠркеуӠнӠӫ  кӠтапханасында  ӹткӠзӠп  келген.  Бӯл  аттыӫ  шыӣу  тарихы  осыӣан
               байланысты.

   Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
                 Революция кезінде мерзімді басылымдар пайда болды. Солардың
             ішінде  Жан-Поль  Марат  шығарған  «Халық  досы»  газеті  үлкен
             беделге ие болды.


               Ойлан
                          Революцияның бірінші кезеңінде қандай маңызды өзгерістер
                          жүргізілді?

                 Монархияның құлауы. Билікте отырған әлсіз монархияшылдар
             халықтың наразылығын тудырды. 1791 жылы Құрылтай жиналысы
             Францияда буржуазиялық конституциялық монархияны бекіткен
             конституцияны қабылдады.
                 Француз  революциясы  бүкіл  Еуропада  феодалдыққа  қарсы
             күштің оянуына түрткі болды. 1792 жылы көшіп кеткен (эмигрант)
             роялистердің мүліктерін тәркілеу туралы декрет шығарылды.
                 1792  жылы  Францияға  қарсы  Австрия  мен  Пруссия  әскери
             одақ құрды. Бұл революциялық әскерге шабуылдаған Еуропалық
             держава тарапынан Францияға қарсы бірінші коалицияны тудырды.
             Францияға шынайы әскери қауіп төнді. Франция Австрияға соғыс
             жариялады.
                 Мемлекеттің демократиялық қозғалысы король билігі мен монар-
             хияның жойылуын талап етті. 1792 жылы 10 тамыздың түнінде
             көтеріліс  басталды.  Көтерілісшілер  корольдың  Тюильри  сарайын
             басып алды. Монархия жойылды. Жиналыс ХVІ Людовикті тақтан
             түсірді.
               ПӠкӠрталас

               Неге кӹршӠлес мемлекеттер Францияӣа ӧарсы революциялыӧ соӣыс
               бас тады?

             54
   49   50   51   52   53   54   55   56   57   58   59