Page 56 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 56

болатын). Конвенттің ортасындағы 500-дей депутат ешқандай топта
             болмағандықтан, олар Конветтің «батпағы» деген атауға ие болды.
                 Конвент сотының шешімімен XVI Людовик айыпты деп танылып,
             өлім жазасына кесілді.
                 1792—1793 жылдары қала және ауыл бұқарасы революцияның
             жалғасуын талап етті. Халықтың экономикалық жағдайы бірден
             нашарлап  кетті.  Азық-түлік  мәселесі  өткір  болды.  Кедейлер
             қажеттілік  заттарына  тұрақты  баға  орнату  қажет  деді.  Жак  Ру,
             Жан Варле және олардың жақтастары тұрақты баға орнатуды және
             саудагерлерге қарсы шаралар қолдануды талап етті. Қарсыластары
             оларды «құтырғандар» деп атады.

   Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
                  «Ӧӯтырӣандар»  —  ӧала  кедейлерӠнӠӫ  мӭддесӠн  ӧорӣаӣан  француз  револю­
               циясыныӫ батылыраӧ ӧозӣалыстарыныӫ бӠрӠ.

                 1793 жылы көктемде революция дағдарыстың жаңа сатысына
             енді. Шаруалар буржуазияның ауылға қатысты әділетсіз саясатына
             наразылық білдірді. Мемлекеттің әскери жағдайы нашарлап кетті.
             Республикаға төнген қауіп халықтың бірігуін талап етті.
                 Якобшілер  мен  Париж  Коммунасын  және  «құтырғандарды»
             Жирондықтарды  жою  талабы  біріктірді.  31  мамырда  Ұлттық
             гвардияның жалпы жиыны атап өтілді.


               Ойлан
                          1793 жылы көтерілістің себептері қандай болды?



                 Революцияның  үшінші  кезеңі.  Якобшілер  диктатурасы.
             1793  жылы  31  ма мырдағы  халық  көтерілісі  жеңіске  жетті.
             Республикадағы саяси билікке якобшілер келді. Якобшілер кезеңі
             революцияның  ең  жоғарғы  кезеңі  болып  табылды.  Мемлекеттегі
             қарқынды күрес барысында шешуші шаралармен буржуазиялық-
             демократиялық  революцияның  жетістіктерін  қорғаған  және
             тереңдеткен революциялық-демократиялық диктатура туды.
                 Якобшілер аграрлық мәселелерді халық мүддесіне шеше бастады.
             1793 жылы төлемді 10 жылға бөліп төлеу арқылы эмигранттардың
             иеліктерін аздаған үлестермен сату туралы заң қабылданды. Одан
             кейін  заң  бүкіл  қауымдастық  жерлерді  шаруалар  қауымының
             меншігі деп жариялады. Ақырында, 1793 жылғы 17 шiлде де Декрет
             барлық феодалдық алым-салықтарды толығымен және ешқандай
             өтеусіз жойды.

             56
   51   52   53   54   55   56   57   58   59   60   61