Page 57 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 57

1793 жылы 24 маусымда Конвент Францияның жаңа Консти-
        туция сын қабылдады. Республика бірпалаталы жиналыстан тұр ды,
        21 жасқа толған ер адамдарға сайлау құқығы берілді. Демократия-
        лық құқықтар мен еркіндіктер жария етілді.
            Якобшілер  диктатурасы  халық  бұқарасының  қысымынан
        «Жалпыға ортақ максимум» туралы Заң қабылдады.
            Сол уақытта республиканың жағдайы дағдарыста еді. Коалиция
        әскерлері  шабуылдады.  1793  жылы  Робеспьер  басшылығымен
        Конвент  «Сенiмсiздер  туралы»  Заң  қабылдады.  Революциялық
        комитеттерге  сенiмсiз  адамдар  тізімін  жасау  және  оларды
        тұтқындауға құқық берілді.

   Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
             Коммуна — ӹзӠн­ӹзӠ басӧару ӧӯӧыӣына ӧол жеткӠзген ӧалалыӧ ӧауым.
             ЛаӫкестӠк — ӧорӧыту, ӧарсыласты кӭштеп басып­жаншу саясаты.


            Бастапқыда  бұл  лаңкестік  контрреволюциямен  күресу  үшін
        енгізілді.  Сосын  якобшілер  арасындағы  шиеленістерді  шешу
        тәсілі  ретінде  қолданыла  бастады.  1793  жылдың  қыркүйегінде
        Жак Ру және Жан Варле тұтқындалды, кейін олардың көптеген
        жақтаушылары қудаланды.
            Контрреволюционерлермен  және  олардың  қарсыластарымен
        күресу  мақсатында  якобшілер  блогы  жүргізген  лаңкестік  —
        мемлекеттегі  жалпы  құбылысқа  айналды.  Якобшілер  лаңкестік
        жақтаушы ларының  бірі  Ж.П.Маратты  дворян  Шарлотта  Корде
        өлтірді.


          Ойлан
                     Якобшілер лаңкестік саясатының салдары қандай болды?


            Революция кезеңіндегі Франция мәдениеті. 1789 жылы француз
        буржуазиялық  революциясы  Еуропа  тарихының  жаңа  кезеңін
        ашты және сонымен бірге өнердің дамуы да жаңа сатыға көтерілді.
        Францияның өнердегі, сәулет және мүсін өнеріндегі негізгі бағыты
        классиöизм  болды.  Француз  революциясымен  қайта  өзгертілген
        өнер  халыққа  жақындатылды.  Халық  шығармашылығы  Париж
        көшелері  мен  алаңдарында айтылған патриоттық әскери әндерде
        көрініс тапты.
            Революция  барысында  жаңа  мейрамдар,  жаңа  салттар  пайда
        болды. Якобшілер Конвенті жаңа республикалық күнтізбе енгізді.
        Жаңа дәуір осы күнтізбенің, яғни 1792 жылдың 22 қыркүйегінен
        басталады.
                                                                                     57
   52   53   54   55   56   57   58   59   60   61   62