Page 62 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 62

үстемдігін  орнатуды  қамтамасыз  ету  болды.  Онжылдық  соғыста
             Франция өз аумағын кеңейтті және Батыс Еуро падағы ірі мемлекетке
             айналды.


               Ойлан
                          Неге Наполеон Бонапарттың саясаты Францияның
                          экономикалық дамуына мүмкіндік берді?


                 Францияға  қарсы  одақтар.  Францияның  Наполеон  басқарған
             (1799—1815) жылдары жүргізілген бірнеше еуропалық коалицияға
             қарсы  соғыстарын  наполеондық  соғыстар  деп  атады.  Францияға
   Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
             қарсы  жеті  одақ  құрылды.  Маңызды  рөлдерді  Англия,  Ресей,
             Австрия, Пруссия ойнады. Бұл елдер Еуропа жерлерін наполеондық
             үстемдіктен  босатқысы  келмеді,  сонымен  бірге  өздері  жаңа
             аумақтар мен мекендерді жаулап алғысы келді. Бірінші одақ 1792
             жылы  құрылды  және  революциялық  Францияға  қарсы  күресті.
             Келесі одақтар 1815 жылға дейін құрылды.
                 Жаулаушылық  соғыс  бола  отырып,  наполеондық  әскерлер
             Еуропада  революциялық  идеялардың  таралуына,  феодалдық
             тәртіптердің жойылуына және капиталистік қатынастардың дамуына
             мүмкіндік берді. Олар құрлықта өзінің әскери-саяси және сауда-
             өндірістік үстемдігін бекітуге тырысқан француз буржуазиясының
             мүддесіне сай жүргізілді.


               Ойлан

                          Франциядағы әскери жеңістердің себебі неде болды?

                 Францияның әскери жетістіктері, оның жетілген әскери жүйе-
             ге  ие  болғандығымен  түсіндіріледі.  Әскер  жасақ таудың  жаңа
             жағдайлары, сарбаздарда жоғары әскери дайындықты ұстану және
             тәртіп  —  мұның  барлығы  Францияның  жеңіске  жетуіне  әкелді.
             Атақты наполеондық маршалдардың да әскери таланты үлкен рөл
             атқарды. Наполеон Бонапарттың өзі атақты қолбасшы болған.
                 Алайда наполеондық Францияның қарқынды дамуы мен француз
             әскерінің  жеңістері  І  Наполеонмен  оның  маршалдарының  жеке
             қасиеттерімен  ғана  түсіндіріліп  қоймады.  Феодалдық-абсолюттік
             Еуропамен  қақтығыста наполеондық  Францияда  тарихи  үдемелі,
             буржуазиялық  қоғамдық  құрылыс  орнады.  Алайда  уақыт  өте
             келе  наполеондық  соғыстар  озық  тәжірибелік  мәнін  жоғалтып,
             жаулаушылық соғысқа айналды.
             62
   57   58   59   60   61   62   63   64   65   66   67