Page 64 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 64

Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі




















                                            Сарагосаға шабуыл

             оның  жақтастарына  теңіз  қарақшылығымен  жауап  берді  және
             барлық блокадаларға қарамастан ағылшын тауарларын Еуропаға
             және тіпті Францияға әкеліп тұрды.
                 Құрлықтық  блокада  Еуропа  елдерін  теңіздің  арғы  жағындағы
             нарықтардан айыра отырып, Англияға ауыр соққы жасады.
                 1808 жылы Наполеон испан халқының короліне қарсы көтерілісін
             пайдаланып, өзінің ағасы Жозеф Бонапартты Испания королі деп
             жариялады. Испан халқы наразылық ретінде ұлт-азаттық кө теріліс
             бастады. Наполеон Испанияға көтерілісті басу үшін үлкен әскери
             күш  жіберді.  Бүкіл  Еуропаны  бағындырған  Наполеон  испан дық
             әс кер тарапынан жойқын қарсылыққа кез болды. Сарагоса қаласы
                                                                                            -
                                                                                            -
             ның қорғаушылары өз қалалары үшін қасық қаны қалғанша кү
             ресті.
                 Испандықтардың өз тәуелсіздігі үшін ерлік күресі 1813 жылы
             күзде аяқталды. Испания жеңілді, ал француз әскерлері тағы бір
             жеңіске қол жеткізді.
             64
   59   60   61   62   63   64   65   66   67   68   69