Page 69 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 69
Ресей тек Ақ теңізге шыға алатын. Оның өзін 6-7 ай бойы бетін
қалың мұз басып жататындықтан, кемелер теңізде жүзе алмады.
Ресейге Балтық теңізі мен Қара теңіздің жағалауларын басып алу
қажет болды. Алайда сол кезде Балтық теңізінің жағалаулары
Швецияның, ал Қара теңіз жағалаулары Түркияның иелігінде
болатын.
1697 жылы Түркиямен соғыс басталысымен-ақ, Ресей өзіне
одақтас және қару-жарақ керектігін түсінді. Осы мақсатта І Петр
бастаған топ Еуропаға жол тартты. Бұл сапар — Ұлы елшілік деп
аталды. Сөйтіп, І Петр Еуропаға барған алғашқы орыс патшасы
болып тарихта қалды.
Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
«Ӯлы елшӠлӠк» — (1697—1968) ресейлӠк дворяндардыӫ дипломатиялыӧ
маӧсаттаӣы маӫызды сапары.
І Петрдің сыртқы саясаттағы басты тарихи мәселесі — бұл
Балтық теңізіне шығу болды. Осы мәселе шешілмей, елдің техни-
калық-экономикалық ілгерлеуі болмайтынын, сонымен қатар батыс-
еуро палық мемлекеттер тарапынан экономикалық қоршауды жою
мүмкін еместігін түсінді.
Келіссөздер барысында Бал тық теңізіне шығу үшін Швецияға
қарсы жүргізілген соғыста Ре сейді Дания, Польша және Саксония
қолдайтыны анықталды. Сол түс тікеуропалық мемлекеттер одағын
құру туралы келіссөздерді Петр аяқ тап үлгермеді, өйткені оған
Ресейде шегарада қызмет етуге қарсы өз наразылықтарын білдірген
атқыштар көтерілісінің басталғаны жайлы хабар жетті.
Петр қайта оралғанша, көтеріліс басылды. Еуропаға қайтып
оралған І Петр Швециямен күресте Ñолтүстік одағын құрды.
Алғашқы өзгерістерді енгізу бірден басталды. І Петр атқыштар
әскерін таратып жіберді, еуропалық форма киетін жалдамалы әскер
құрды және басшысы ретінде шетелдік-офицерлерді тағайындады.
Солтүстік соғыс. І Петр Швецияға қарсы Польша және Даниямен
одақ құрды. 1700 жылдың күзінде Швециямен басталған соғыс 21
жыл ға созылды. Бұл соғыс Ñолтүстік соғыс деп аталды.
1700 жылдың қарашасында орыс әскерлері шведтермен Нарва
қамалының жанында кездесті. Орыс әскерлерінің дайындығы нашар
болатын. Жақсы қаруланған шведтер жеңіске жетті.
Нарва түбіндегі жеңілістен кейін Ресей әскері қайта жасақталды.
Жаңа өнеркәсіп орындары мен кеме жасау орталықтары құрылды.
Соғыс қажетіне металл жетіспегендіктер І Петр шіркеу қоңырау-
ларынан зеңбіректер құюға бұйырды. Әскерді қаруландыру қажет
69