Page 74 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 74
өздерi жинап, қылмыскерлерге өздерi жаза қолданып, өздерi
соттады. Кейбiр феодалдар мен хакiмдер түрлi жағдайларда шахқа
бағынбай, тiптi шахтың билiгiне де көз алартты. Әсiресе Хорасан,
Керман сияқты облыстардың билеушiлерiн өзiне бағыныштылықта
ұстау үшiн Каджар әулетiнiң шахтары үнемi қатаң бақылау жасап,
күш қолданып отырған.
Иранның қоғамдық-саяси өмiрiнде мұсылман дiнiнiң рөлi
күштi болды. Мұсылман дiнбасылары Құран мен шариғатты елдегi
қоғамдық тәртiптi сақтауда негiзгi құрал ретiнде пайдаланды.
Жоғарғы дiнбасыларының iрi уакфтық жер иелiктерi болды. Сондай-
ақ дiн иелерiнiң қолында бiлiм беру мекемелерi (мектеп, медресе)
және сот iсi (шариғат соты) болды. Ұсақ дiнбасыларының жағдайы
Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
басқаша едi. Олардың қолында iрi жер иелiктерi, сот билiгi т.б.
болған жоқ. Сондықтан оларға дiни қызметпен қатар қосымша
кәсiппен де айналысуға тура келдi. Олардың көбi қолөнермен,
саудамен, егiншiлiкпен айналысты. ХVIII ғасырдың соңында Иран
қоғамдық дамуы нашар, артта қалған феодалдық ел болды. Бiрақ ол
әлi де еуропалық отаршылдардың езгiсiне түспеген дербес, тәуелсiз
ел едi. XVIII ғасырдың соңына қарай Англия мен Франция Иранға
бағытталған отаршыл саясатын жүргiзуге кiрiстi. Иран Орта және
Таяу Шығыс елдерiн отарлау үшiн қолайлы аумақтық плацдарм
болды.
Аныӧта
Отаршылдар Иранды отарлауда ӧандай маӧсатты кӹздедӠ деп ойлайсыӫ?
Аныӧта ХVІІІ ғасырдың соңына қарай Иранда Шығыс елдерін отарлаушы
НелӠктен Жаӫа заманныӫ басталуы мен аяӧталуы Батыс елдерӠ мен Шыӣыс үш державаның — Ресейдің, Англияның және Францияның
елдерӠнде әртӭрлӠ? мүдделері түйісті. Еуропалық державалардың отаршылдық сая-
сатына шырмалған Иран қиын халықаралық жағдайға душар болды.
Иранды француз ықпалына түсiрмеу, оны өз билiгiне қарату
үшiн Англия өз өкiлi Малькольмдi шахқа жiбередi. Ол Иран шахы-
мен келiсiмге келiп, саяси және сауда шарттарына қол қойды.
Келiсiмшарт негiзiнде шах француздарды Иранға жiбермеуге,
егер француздар Үндiстанға шабуыл жасайтын болса, шах әскерiн
Ауғанстанға аттандыруға уәде бердi. Сауда келiсiмi негiзiнде
ағылшындар Иранда көптеген сауда жеңiлдiктерiне ие болды.
Ағылшындар есесiне шахқа қалаған жағдайда қару-жарақпен
көмектесуге уәде бердi.
Бұл ағылшын-иран келiсiмшарты, сонымен бiрге Ресейге қарсы
бағытталды. Иран шахы Ресейдi Закавказье мен Кавказ халықтарын
74