Page 75 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 75
бағындырудағы басты кедергi санады. Сондықтан шах өзiне одақтас
iздеген едi. 1801 жылы Грузияның Ресейге қосылуы, Армения мен
Әзiрбайжанның Ресейге бет бұру саясатының күшеюi шахты қатты
алаңдатты. Ақыры, бұл бәсекелестiктен 1804 жылы орыс-иран
соғысы тұтанды. Ағылшындар мен француздар Иранды әрқайсысы
өз ықпалына алғысы келiп түрлi қитұрқы саясат жүргiздi. Оны
Ресейге қарсы соғысқа айдап салғанымен, соғыста шах ешкiмнен
нақты көмек пен қолдау көре алған жоқ. Сондықтан өзiнен
әлдеқайда жақсы дамыған, қуатты Ресейден Иран жеңiлiп қалды.
1813 жылы 13 қазанда орыс-иран Гүлстан келiсiмiне қол қойылды.
Келiсiм бойынша Иран Дағыстан, Грузия және Солтүстiк Әзiрбайжан
жерлерiнен айырылды. Бұл елдер Ресей қол астына өттi. Ресей
Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
Каспий теңiзiнде әскери флот ұстауға кепiлдiк алды. Орыстар Иранда
еркiн сауда жасауға қол жеткiздi. Иранда Ресейдiң ықпалы өстi.
Аныӧта
Отаршылдар арасындаӣы баӧталастыӧ кӭрестердӠӫ себептерӠн айӧында.
Бiрақ Гүлстан келiсiмшартына, Ресейдiң Ирандағы беделiнiң
өсуiне қарсы болған Англия Иранға байланысты тағы да арандату
саясатын жүргiзiп, Гүлстан шартында Ресейге кеткен есесiн
қайтаруға көмектеспек болады. Сөйтiп, Иран 1826 жылы Англияның
саясатына арқа сүйеп, екiншi иран-орыс соғысын бастайды. Бiрақ
бұл соғыс та Иран үшiн өте сәтсiз болды.
1828 жылы 22 ақпанда Түркманчай бiтiмiне қол қойылады. Бiтiм
бойынша Иран мен Ресей арасындағы шегара Аракс өзенi арқылы
өтетiн болды. Шығыс Армения Ресейдiң құрамына ендi. Ресейдiң
Каспий теңiзiнде әскери флот ұстау құқығы түпкiлiктi бекiтiлдi.
ХIХ ғасырдың бiрiншi жартысындағы орыс-иран соғыстары
ағылшын-иран қатынастарын шиеленiстiрдi. Екi держава арасында
Иранға үстемдiк үшiн күрес басталды. Иранға еуропалық державалар
капиталының енуi күшейе түстi. Иран шетелдiктердiң тауар өткiзу
нарығына және арзан шикiзат көзiне айналды. Шах өкiметi Батыс
елдерi алдында дәрменсiз саясат ұстанды. Иран Батыс елдерiне
экономикалық тәуелдi елге айнала бастады.
Иранның жартылай отар елге айналуы. ХIХ ғасырдың екiншi
жартысына қарай Иранға шетел капиталының енуi күшейдi. Иран
шетел капиталына тәуелдi жартылай отар елге айнала бастады.
Иран біртіндеп әлемдік нарықтың, дүниежүзілік капиталистік
шаруашылықтың аясына тартыла бастады. Шетелдік компаниялар
Иран жерінде кәсіпкерлікпен айналысу әрекетін жандандыра түсті.
75