Page 71 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 71

ғының  жағалауы  және  Карелияның  бір  бөлігі  Ресей  құрамына
        қосылды. Ресей Балтық теңізінің жағалауындағы ыңғайлы порттар
        Рига  мен  Ревельді  (қазіргі  Таллин)  иемденді.  Ресейдің  Балтық
        жағалауын иемдену мақсаты орындалды.
            Ресей  теңіздік  державаға  айналды.  1721  жылы  сәуір  айында
        І  Петр  император  лауазымын  қабылдады.  Ресей  империя  болып
        жария ланды.
            Осылайша І Петр ауқымды реформалар жүргізді. Ресейде тарих -

        та алғаш рет тұрақты әскер, ең бастысы — мықты әскери флот пайда
        болды.  Ресей  теңіздерге  шығуға  мүмкіндік  алды,  стратегиялық
                                                                                       -
        маңызды  аумақтарды  жаулап  алу  арқылы  өз  шега раларын  ке
        ңейтті.
   Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
            ІІ  Екатерина.  І  Петр  қайтыс  болған  соң,  сарай  төңке ріс тері
        басталды. Нәтижесінде абсолюттік монархия нығайып, дворяндар-
        дың  жағдайы  жақсарды.  1741  жылы  таққа  Елизавета  Петровна
        отырды.
            Елизаве таның  мұрагері  III  Петр  Федорович  болды.  Ол  орыс
        дворян дарына ұнамайтын саясат жүргізді.
            1762  жылы  таққа  ІІІ  Петрдің  әйелі  ІІ  Екатерина  отырды.
        ІІ Екате ринаның 35 жыл билік етуі тарихқа «ақсүйектердің алтын
        ғасыры» бо лып енді.
            Ол шаруа ларды соңғы құқығынан айыр ды — жер иесі не шағым-
        дануға тыйым салды және отба сы мүше лерін ыдыратып, оларды

        жекелеп саудаға салды.
            Осылайша ХVІІІ ғасырдың соңы дво ряндар үшін алтын кезең
        болса, шаруалар үшін бұл құлдықтың ең қатал кезеңі болды. Өзінің
        билік  етуі  кезінде  ІІ  Екатерина  революцияларды  барлық  жол-
        дармен басты, философ Воль тердің идея ларын қолдады, Руссо мен
        Мон тескьенің кітаптарын оқыды, бірақ ағар тушылықты өздігінше
        қабылдады.

          Ойлан

                     Неліктен ІІ Екатерина патшалығы тарихта «ақсүйектердің
                     алтын ғасыры» деп аталды?


            ІІ  Екатеринаның  өзгерістері.  ІІ  Екатерина  темекіге  салына-
        тын  мемлекеттік  монополияны  алып  тастады,  білім  ошақтарын
        құрды.  Сонымен  қатар  мануфактура  құрылысы  кеңейіп,  то қыма
        өнеркәсіптері дамыды. Мануфактураларда жалдамалы жұмысшылар
        пайда болды. Шеттен әкелінген қаржыға жаңа жерлер игерілді.

                                                                                     71
   66   67   68   69   70   71   72   73   74   75   76