Page 76 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 76

Бұл Иранның экономикалық дамуына ықпал етті. Иранда тауар-
             ақша қатынастары пайда болып, дәстүрлі шаруашылық өзгеріске
             ұшырады  және  ұлттық  капитализмнің  нышандары  қалыптаса
             бастады.
                 Шетел  капиталының  Иранға  «бейбіт  жолмен»  ене  бастауы
             ағылшын-орыс бәсекелестігінің өрши түсуімен сипатталды. Иранды
             экономикалық жағынан тәуелдi елге айналдыруда Англия мен Ресей
             белсене  әрекет  еттi.  ХІХ  ғасыр  басында  Иранды  әскери  жолмен
             бағындыру  бастамасын  алғаш  болып  Ресей  империясы  көтерді.
             Англия болса, ең алдымен, сыртқы сауданы пайдаланғысы келді.
             Сөйтіп, Иранға капитал енгiзуде Англия шұғыл қадамдар жасады.
             Олар шахтан телеграф концессияларын өте тиiмдi шартпен алып,
   Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
             Иран  аймағына  бiрнеше  телеграф  жүйелерiн  салды.  Телеграф
             Иранды Үндiстанмен жалғастырды. 1872 жылы ағылшын капиталисi
             барон  Ю.Рейтер  шахтан  70  жыл  мерзiмге  мұнай  және  басқа  да
             табиғи байлықтарды игеруге тиiмдi концессия алады. Шарт бойынша
             ол  тасжолдар,  темiржолдар,  телефон-телеграф  жүйелерiн  салуға,
             фабрика, зауыт пен банктер ашуға рұқсат алды.
                 1889 жылы шах Рейтерге тағы да 60 жыл мерзiмге концессия
             берiп, Шахиншах банкiн салуға рұқсат етедi. Осылайша Иранның
             оңтүстiгi мен оңтүстiк-батыс жағында Англия үстемдiк жүргiзуге
             кiрiстi. Ағылшындардың ықпалы Иранның саяси билігіне де белсенді
             бола түсті. Иран шахына ағылшындардың тым жақын бола түсуі
             орыстарды  қатты  алаңдатты.  Ресей  империясы  үшін  Иран  саяси
             және экономикалық жағынан өте маңызды аймақ болды. Сондықтан
             орыс  патшалығы  Иранға  экономикалық  тұрғыдан  байланысты
             нығайту үшін сауда байланыстары мен концессиялар алу, бірлескен
             өнеркәсіп орындарын салу жолдарын іздестіруге кіріседі. Сөйтіп,
             ағылшындардан кейiн Иранның солтүстiгiне Ресей капиталистерi
             келе бастады.
                 1879 жылы шахтың өтiнiшi бойынша орыс офицерлерi парсы-
             лардың  әскери  бригадасын  ұйымдастырып,  әскерлердi  оқытуға
             кiрi седi.  Бұл  сол  кездегi  Ирандағы  бiрден-бiр  күштi  даярланған,
             соғысқа қабiлеттi қарулы күш едi. Бұл Ирандағы Ресейдiң саяси
             беделiнiң өсуiне себеп болды. 1879 жылы орыстар телеграф жүйесiн
             салуға концессия алды. 1888 жылы балықшы-кәсiпкер С.М.Лианозов
             Иранға қарайтын Каспий теңiзi жағалауында балық кәсiпшiлiгiн
             дамытуға  ұзақ  мерзiмдi  концессия  алады.  1890  жылы  орыс
             капиталисi  Л.С.Поляков  Тегеранда  есеп-несие  банкiн  салады.  Ол
             Иран шахынан 75 жыл мерзімге транспорт саласындағы концессия
             алды. 1900 жылы Иран Ресейден 22,5 миллион рубль мөлшерiнде

             76
   71   72   73   74   75   76   77   78   79   80   81