Page 80 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 80

Ең алдымен әкімшілік саласында бірқатар реформалық шаралар
             жүргізілді.  Жергілікті  жерлерде  мұсылман  емес  тұрғындардың
             қатысуымен  кеңесші  ұйымдар  —  меджлистер  құрылды,  сот
             саласында бірқатар жаңа заңдар қабылданды және зайырлы білім
             беретін  мектептер  ашылды,  жер  қатынастары  мен  экономиканы
             дамыту бойынша өзгерістер енгізілді.
                 Танзимат реформасының империя халқының түрік не мұсылман
             емес халықтарына қатысты бағдарламасы билеуші топтар тарапынан
             қатты наразылыққа ұшырады. Бұл реформалық әрекеттер билеуші
             топтың, оның ішінде, әсіресе исламдық дінбасыларының жаппай

   Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
             наразылығын тудырды. Дәстүрлі қоғамның үрдістерін бұзып, елді
             еуропалық үлгімен реформалауға олар мүлдем наразы болды.
                 Ғасырлар  бойы  қалыптасқан  дәстүрлі  мұсылмандық  жолдан
             ауытқу елдің іргесін шайқалтып, күйреуге әкеледі деп қорықты.
             Сөйтіп, империя халқының мәртебесін бірдей ету әрекеттері іске
             аспады.  Нәтижесінде  әскерге  мұсылман  емес  халықтарды  алуға
             рұқсат етілмеді. Христиан дінін ұстанатын империядағы халықтың
             құқына  шектеу  қою  Ресей  империясы  тарапынан  наразылық
             тудырды. Осы себептер болашақта Қырым соғысының шығуына да
             себеп болды.
                 Билеушi топтардың үзiлдi-кесiлдi қарсылығынан бiрқатар шара-
             ларды жүзеге асыру мүмкiн болған жоқ. Жер туралы, қылмыстық
             iс және Азаматтық iс кодекстерi қабылданды. Сұлтан таққа ресми
             түрде  отырған  соң,  қабылданған  заңдарды  бұзбауға  мiндеттеме
             алды. Ақша реформасы жүргiзiлдi. Қызметкерлердiң жалақысына
             қатаң шек қойылды. Орта мектептер ашылды. Империя аумағында
             темiржолдар мен байланыс тораптары салынды. Алғашқы өнеркәсiп
             орындары пайда болды.
                 Танзиматтың  бiрiншi  кезеңiнде  (1839—1853)  әкiмшiлiк,  мем-
             лекеттiк  басқару,  экономика  мен  мәдениет  саласында  бiрқатар
             шаралар iске асырылды. Бiрақ реформалардың түпкi нәтижесi қала
             мен ауылдағы халықтың жағдайына елеулi өзгерiс әкеле алған жоқ.
             Шетелдiктердiң мемлекет iсiне араласуына да шектеу қойылмады.
                 Сұлтан  үкіметі  жүргізген  Танзиматтың  бірінші  кезеңіндегі
             реформалары мемлекетті күшейте алмады. Шетелдіктердің Осман
             империясының ісіне араласуы ғана елді толық күйреуден уақытша
             сақтап қалды.
             80
   75   76   77   78   79   80   81   82   83   84   85