Page 82 - Aldabek_Dunie_tarih_8_kz
P. 82
қалалықтар көрдi. Осман империясындағы қалалардың тұрғындары,
негiзiнен, мұсылман емес халықтар — гректер, армяндар, еврейлер
едi. Түрiктер, негiзiнен, ауылдық жерде тұрды, сондықтан реформа
олар үшiн пайдалы болған жоқ, қайта олардың төлейтiн түрлi
салықтарының өсуiне әкелдi. Жерге жекеменшiктiң енгiзiлуi
шаруаларды жердi мұрагерлiкпен пайдалану құқығынан айырды.
Өйткенi жердi жекеменшiкке шаруа емес, ендi сипахилар иемденетiн
болды. Жаңа жер иесiне шаруаны отырған жерiнен қуып шығуға
құқық берiлдi.
Танзимат реформаларына дейiн мұсылман емес халықтар қосымша
салықтар төлейтiн және олар мемлекеттiк қызметке алынбайтын.
Ендi мұсылман емес, дiнi басқа халықтарды мұсылман түрiктермен
Басылымның мүліктік құқықтары “Мектеп” баспасына тиесілі
теңестiру ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан ата-баба дәстүрiн
аяққа таптау деп түсiнген мұсылман халықтарының ашу-ызасын,
наразылығын тудырды.
Ал қоғамда реформалық әрекеттердi одан әрi тереңдетудi қоштаған
либералдық топ — саудагерлер, кәсiпкерлер, еуропалық бiлiммен
тәрбиеленген қызметкерлер мен әскерилер болды. Олар 1865 жылы
«Жаңа османдар» дейтiн жасырын ұйым құрды. Оның жетекшiсi
белгiлi жазушы Нàмыê Кåмàл болды.
1876 жылы бұл ұйымның күшiмен либералдар сұлтан Абдул
Азиздi тақтан түсiредi. Сөйтiп, сұлтандық билiкке II Абдул Хамид
келдi. Ол конституцияны, екi палаталы парламенттi бекiтiп,
-
азаматтардың негiзгi құқықтары мен бостандықтарын жария
лады.
Конституция мемлекеттiк тiл — түрiк тiлi, мемлекеттiк дiн
ислам дiнi деп жариялады. Конституцияның талаптарын толық
сақтаған жағдайда сұлтанның билiгiне заңды шек қоюға мүмкiндiк
туды. Мұны II Абдул Хамид жақсы түсiндi және ол өзiнiң қол-
аяғын шырмаған конституция шеңберiнде ғана
шектелiп қалғысы келген жоқ. Сондықтан
ол өзiне қолайсыз Конституцияны жоюға
1877—1878 жылдардағы орыс-түрiк соғысын
сылтау ретiнде пайдаланды. Осы соғыста Осман
империясының жеңiлуiне байланысты сұлтан
«жаңа османдарға» қарсы шығып, парламенттi
таратуға, конституцияны жоюға кiрiседi.
1878 жылы ақпанда сұлтан парламенттi
таратып, елдi жеке өзi билейтiнiн жария етедi.
Конституция сөз жүзiнде сақталып қалғандай
Намык Кемал болды, бiрақ оның бiрде-бiр бабы iске аспады.
82